Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет110/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   218
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, 
ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында 
орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: 
арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз 
қуысының құрылысы әр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып 
келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері 
болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге 
- стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бұлшықет - 
протракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін 
жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын 
өсінділер - онхамен қаруланған.
Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, 
бұлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады. 
Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы 
(кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған (75-
сурет).


Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium) 
болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың 
өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі энтодермальды, қабырғасы бір қабат 
эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жұқа базальды жарғақ қаптап 
тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп "қарыншық" немесе 
жұтылған қоректің резервуары қызметін атқаратын - proventriculus түрінде 
дамыған.
74-сурет. Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет қапшығы және бұлшықет 
клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы (көлденең кесілген бөлшегі); 1 - 
кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 - бұлшықет клеткалары, 5 - фибрилла, 6 - 
протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро, 8 - саркоплазма қапшығы, 9 - саркоплазмалық 
қапшықтың көлденең кесіндісі, 10 - плазмалық өсінді; Б - бұлшықет клеткалары; 1 - 
жиырылғыш бұлшықет талшықтары (миофибрилдер), 2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы, 
4 - плазмалық өсінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет