Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет120/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   218
82-суретБидай нематодасы (Anguina tritica): A - аналығы; Б - нематодамен зақымданған 
бидай өсімдігі; В - бұзғыншалар (галла); Г - зақымданбаған масақ; Д - нематодамен 
зақымданған масақ
Spirurida отряды. Өкілдері тропикалық, субтропикалық елдерде кең 
тараған, адамның және жануарлардың қауіпті паразиттері. Маңызды өкілдері 
Filariidae тұқымдасынан: ришта - Dracunculus medinensis; Банкрофт жіпшесі - 
Wuchereria bancrofti.
Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке құрт, 
аналығының ұзындығы 32-100 см, аталығы - 2 см (83-сурет). Риштаның 
дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің 
астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп (ойық жара) 
жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. 
Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. 
Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың 
(шаянтәрізділер) денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене 
қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. 
Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның 


ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол 
жерде мекендеп ересек формасына айналады.
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады. Бұл ауру 
Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл 
жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріңдеп 
жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып, 
олардың кең таралуына себепкер болады.
Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шараларды 
мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД-да түгелімен 
жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының 
қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шараларды девастация деп 
атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми 
еңбектерді жазған.
83-сурет. Паразитті нематодтар: A - ришта (Dracunculus medinensis), аналығы; Б - 
циклоптың ішіндегі риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының зардабынан 
пайда болған элефантиазис ("піл ауруы") ауруы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет