Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет62/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   218
44-сурет. Маржан полиптер: А - сегіз сәулелі полип Alcyonium-ның құрылысы; 1 - 
қармалауышы, 2 - ауыз тесігі, 3 - эктодермалы жұтқыншағы, 4 - септа, 5 - мезентерия 
жіпшелері, 6 - жұмыржалары; Б - актиниялар, тақуа шаян (өз денесін жасырған) 
бақалшағының үстінде


Септалар - гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан дамып, 
энтодерма клеткаларымен астарланған. Олардың әрқайсысында бойлай 
орналасқан жуандау бұлшықетті білеуі (валик) болады.
Денесінің жоғарғы бөлігінде септалар жұтқыншаққа және дене 
қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос салбырап 
тұрады. Олардың бос шеттері жуандап, без клеткаларынан құралған, 
мезентериальды жіпшелерге айналады. Солардың көмегімен гастраль 
қуысына түскен ас қорытылады.
Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бір-біріне 
сәйкес келеді. Осыған байланысты маржан полиптер класы екі класс 
тармағына бөлінеді: сегіз сәулелілер - Octocorallia және алты сәулелілер - 
Hexacorallia,
Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, 
гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 
8 болып келеді.
Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына 
сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камераларды 
құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы орналасып, 
бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың ауысып тұруын 
қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы камераның бойларындағы 
кірпікшелері бір бағытта қозғалып, гастраль қуысына оттегіне бай сумен 
қоректік заттарды лықсытады, және суды керексіз заттармен бірге сыртқа 
шығарады.
Септалардың мезентериальді жіпшелері сөлдерді шығарып, астың 
қорытылуын реттейді.
Алты сәулелілердің (Hexacorallia) септаларының, камераларының және 
қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселеніп келеді, кем дегенде 12 
болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңінде бірінші кезектегі алты жұп септалар 
қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөліп тұрады. Әрбір жұп 
септаның арасындағы камераларды ішкі камера деп атайды, ал әр түрлі жұп 
септалардың арасындағы орналасқан камераларды - аралық деп атайды. 
Осылардың ішінен басқа да жұп аралық септалар дамиды (45-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет