Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет51/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#25034
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
ДСҰ-ға дейінгі дайындықтар қажет

Дүниежүзілік сауда ұйымына ену барысында түрлі қиындықтарға ұшырамау үшін алдын ала дайындықтар жүргізу қажет екені айтылып келеді. Ол үшін алдымен ДСҰ-ға соңғы 20 жылда енген елдер ұрынған қиындықтарды зерттеу керек. Мәселен, 2008 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына енген Украинаның жаңа талаптарға бейімделуі оңай құбылыс болған жоқ. Ал ДСҰ-ның Қырғызстанға айтарлықтай артықшылықтар әкеліп жатқанына сарапшылар қауымы қазір де күмәнмен қарайды. Экономикалық құрылысы негізінен шикізат экспорттауға негізделген Сауд Арабиясы бұл сауда құрылымына 2005 жылы ғана енді. Демек, бұл елдің экономикалық тарихынан сабақ алуға болады.

Сауда ұйымына енуге дайындық ретінде еліміздің заңнамасын ДСҰ-ның басты ұстанымдарына сәйкестендіру шаралары басталуы керек. Сондай-ақ Кедендік одақ ұстанымдары мен ДСҰ ұстанымдарымен сәйкестендіру жұмыстары қазірден басталуы тиіс. Дайындық ретінде еліміздің қаржы саласын, телекомму­никация және көлік секторын либера­лизациялау жұмыстары жүргізілуі қажет­тілік болып отыр.

ДСҰ-ның негізгі ұстанымдары және артықшылықтары:
– саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекеттің қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

– сауда кедергілерін азайту немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою;

тұрақтылық пен сауда шартының алдын ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтердің қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгермейтініне кепілдік береді;

халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар.

Автор: Сәкен Көкенов. Алаш айнасы, 2.08.2011.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет