Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың әдіснамасы Шығармашылық «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»



бет11/12
Дата07.01.2022
өлшемі1,78 Mb.
#17453
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ізденіс жаттығу түрлері

1–жаттығу

Мақсаты: Бір негізден негіздес сөздер жасау. Негіз сөз бен негіздес сөздердің өзіндік белгілері қандай? Осы сөздер қандай мақал-мәтелдерде кездеседі? Естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

Үлгі: біл-біл-ім, біл-гіш, біл-дір, біл-гіз, т.б.



Мысалдар: ек, еңбек, бала, қонақ, мейман, балта, бап, батыл, баспана.

2–жаттығу «Тапқыр болсаң, тауып көр»



Мақсаты: Ребусты шешіңдер. Шешуіндегі сөздің негізі қандай сөз деп ойлайсыңдар? Жасырынған сөзге байланысты шығармашылық мәтін құрастырыңдар.

6–жаттығу «Ой - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады»



Мақсаты: Суретке зер салыңдар. Үсенге негізгі сөздер жазылған балықтарды аулауға көмектесіңдер. Не себепті бұл сөздер негізгі сөздер деп ойлайсыңдар? Төрт түлік атауларын бір бөлек, олардан жасалынатын сусын, тағам түрлерін бір бөлек жазып, неден және қалай жасалынатынын әңгімелеп беріңдер.

9-жаттығу «Даналардан қалған сөз»



Мақсаты: Төмендегі халық даналарының сөздерін оқып, негізгі сөздерді табыңдар. Осы ақпарат негізінде өздерің «Кітап – алтын қазына» тақырыбына шағын эссе жазыңдар.

Кітап – жан азығы.

(Халық ханалығы)

Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштымын.

(Максим Горький)

Ең жақсы ілім – оқу.

(Александр Пушкин)

Ең алғаш рет тамаша кітап оқып – өзіме үлкен, ақылды дос тапқандай болдым. Бұрын оқып кеткенімді қайталағанымда сол бұрынғы досымды қайта кездестірдім. Тамаша кітапты оқып болып, қайтадан ең қымбатты саналатын досыңнан ажырасқандай болып, енді қайтіп кездестіремін бе дегендей боласың.

(Қытай халқы даналығынан)

Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын.

Сабақта шығармашылықты қалыптастыратын ойындар оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамытып, тереңдетіп, ізденімпаздығын арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді.

Қорыта келе айтарым, білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет