«Педагог» кәсіптік стандарты


тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты



бет8/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
3 тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

3.1. Кәсіптік стандарттың атауы:


Педагог
3.2. Мақсаттары:
- педагог кәсібінің құндылығын мемлекет пен қоғам институционалдық, жеке және жүйелі деңгейде тануы;
- педагогті кәсіби өрлеу үшін дайындықтан және мамандыққа кірісуден педагогикалық шеберлікке жетуге дейін мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
3.3. Міндеттері:
- педагогті даярлаудың, оның біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларының негіздерін және үздіксіз кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін айқындау;
- қызметтің басқа салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындау;
- педагогті сабақ беру/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесін, кәсіптік міндеттемені, қоғамдық сенім мен құрметтеуді қолдауға ықпал ету;
- кәсіби қоғамдастықта сабақ беру/оқытуда және тәрбиелеуде мұғалімнің көшбасшылығын дамыту.


4 тарау. Кәсіптер карточкалары

Білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандартқа


1-қосымшада келтірілген
Қосымша 1.1 Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші
Қосымша 1.2 Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер
Қосымша 1.3 Мектеп мұғалімі
Қосымша 1.4 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы
Қосымша 1.5 Өндірістік оқыту шебері
Қосымша 1.6 Қосымша білім беру педагогы
Қосымша 1.7 Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері
Қосымша 1.8 Арнайы педагог


«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.1


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші»

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес кәсіптер атауы

Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес код

2362

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

4-6

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

5

Қызметтің негізгі мақсаты

Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, балалармен ойындар мен сабақтарды жобалау және өткізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау

Кәсіптік қызмет



Негізгі кәсіптік қызмет

1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру

2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

3. Балаларды ерте дамыту әдістемесін меңгеру және оны практикада қолдану

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу

Кәсіптік қызмет
1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру

1 міндет: тәлім – білім беру процесін жоспарлау

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемелері
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктері
3. Балалардың әр түрлі іс-әрекеттерін дамыту әдістері
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
5. Санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Білік және дағдылар
1. Циклограммаларды құрастыру
2. Тәрбиеленушілердің балалар қызметінің негізгі түрлерін басқару
3. Оқыту әдістері мен технологияларын, тәрбие-білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану
4. Балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау
5. Қауіпсіз заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру

2 міндет:
тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер
2. Педагогикалық этика нормалары
3. Жас физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері

Білік және дағдылар
1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету
2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру
3. Ойын қызметін ұйымдастыру үшін оқытудың техникалық құралдары мен компьютерлік техниканы пайдалану
4. Ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастық
5. Тәрбие-білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, дефектолог, психолог, медицина қызметкері)

Кәсіптік қызмет
2.
Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

1 міндет:
тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

Білім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістемесі
2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторингті жүргізу қағидалары

Білік және дағдылар
1. Бақылау негізінде мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын зерттеу, оның қиындықтарын анықтау және оған көмектесу
2. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану
3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау

Кәсіптік қызмет
3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет:
білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім
1. Дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптар
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Балалардың жасына сәйкес сенімді және өзекті ақпаратты таңдау
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау
3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу

2 міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім

Білік және дағдылар
1. Өзінің кәсіби дамуының траекториясын құру
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру

3 міндет:
үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау

Білім
1. Алгоритм, формалар, әдістерді анықтау, зерттеу, тәжірибені жалпылау
2. Үздік тәжірибелерді жинақтау және тарату әдістемесі

Білік және дағдылар
1. Тәжірибені қорытындылау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгі ниет, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, эмпатия қабілеті, коммуникабельділік, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік сезімі, ұстамдылық

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

236

Бастауыш мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: орта буын маманы,
бакалавриат









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет