«Педагог» кәсіптік стандарты



бет1/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
прилож каз (1)


Білім беру 4.0.
«Педагог» кәсіптік стандарты


Кіріспе

Қазақстандық қоғам ұлтты ілгерілетуге бағытталған, қазіргі және келесі ұрпаққа еліміздің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін білімнің маңыздылығын түсінеді.


Педагог өз қызметімен -аналармен және мемлекетпен сенімді серіктестікте қазақстандық балалардың бүгінгі және болашақ әл-ауқатын анықтайды.
Педагогтің кәсіптік стандартын әзірлеу кезінде Қазақстанда білім беру сапасын академиялық және практикалық арттырудағы қазіргі және болашақ қажеттіліктер, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер және үздік халықаралық тәжірибе ескерілді.


1 тарау. Жалпы ережелер

1. Педагогтің кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт):


1.1. педагогтің педагогикалық дайындығы мен қызметінің мазмұнын сипаттайды;
1.2. педагогтерді даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың, қызметтің басқа да салаларындағы мамандарды қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады;
1.3. кәсіптік дайындықтан және мамандыққа кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейінгі құзіреттіліктерді сипаттайды;
1.4. нақты педагогтің еңбек қызметін және кәсіптік танылған практика эталонын салыстыру үшін негіз қалыптастырады;
1.5. педагогке өз мансабын кәсіптік дамытуға мүмкіндіктер береді;
1.6. педагогтің біліктілік деңгейлерін, еңбек функцияларын және кәсіптік даму дәрежесін дифференциалды бағалау құралы болып табылады;
1.7. өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап бере отырып, мұғалімге сабақ беру, оқыту және тәрбиелеуде көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді;
1.8. педагогке қоғамдық сенім мен құрметті нығайтуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әл-ауқатын арттыруға, білім беру ұйымдарында оқыту мен дамуды жақсартуға ықпал етеді.

2. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы:


2.1. педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің бірыңғай түсінігін қамтамасыз ету және қоғамның мүдделі тараптарын хабардар ету;
2.2. кәсіптік оқыту бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын және педагогикалық қызметке дайындығын айқындау;
2.3. педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асырудағы педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің сипаттамасы;
2.4. педагогті кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
2.5. педагогтің біліктілік талаптары мен еңбек функцияларының деңгейлерін белгілеу және бағалау;
2.6. өзгерістерді басқару және өзінің педагогикалық қызметінің мазмұнын бейімдеу.



  1. Осы Кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1. еңбек функциясы (кәсіптік қызмет) – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;

    2. оқыту практикасы/тәрбие және оқыту – білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің білім беру процесін ұйымдастыруға бағытталған оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын іске асыру бойынша педагогтің қызметі, білім беру мазмұнын меңгеруде және қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруда жоспарлы жүйелі көмек;

    3. Құзырет – оларға қатысты сапалы және нәтижелі әрекет ету үшін қажетті объектілер мен процестердің белгілі бір шеңберіне қатысты берілетін өзара байланысты жеке қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы;

    4. Кәсіптік құзыреттілік – кәсіптік қызметті түсіну мен орындауды қамтамасыз ететін білім, зияткерлік және пәндік-практикалық білік, дағдылар, әдеттер жүйесі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет