Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Біліктілікті арттыру институтының әдіскері



бет59/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
3-параграф. Біліктілікті арттыру институтының әдіскері
211. Лауазымдық міндеттері:
курстарды, семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, конкурстарды, көрмелерді саралап толықтыруды және өткізуді ұйымдастырады;
курстарға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді;
тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі – БА) өзекті мәселелері бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтарды, тренингтерді, іскерлік ойындарды дайындайды және өткізеді;
жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша мақсатты курстарды ұйымдастырады;
БА курстарына арналған оқу-тақырыптық жоспарлар, бағдарламалар әзірлейді;
педагогикалық диагностиканы іске асыру әдістерін, білім беру қызметкерлерінің үздіксіз БА әр түрлі буындарындағы курстық дайындықтың тиімділігін анықтаудың педагогикалық құралдарын жетілдіру, әдістемелік жұмысты модельдеудің заманауи әдістерін енгізу бойынша жұмысты үйлестіреді;
біліктілікті арттыру жоспарын іске асыруды, БА курстарын әдістемелік және практикалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге, курстарды, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектеседі;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады;
педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді;
курсаралық жұмыстар мен түрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді;
курсаралық жұмыстар мен түрлі байқаулар, конкурстар, жиындар, олимпиадалар өткізеді;
қазіргі педагогика ғылымының жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттердегі жаңалықтарды бақылайды және олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді;
БА жүйесінде маркетингтік зерттеулерді және баспа қызметін жүзеге асырады;
өңірлік деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін үйлестіреді;
педагогтердің, білім беру ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименттік жұмысының және өзіндік (ізденіс) зерттеу қызметінің нәтижелерін жинақтау негізінде ғылым мен практиканы интеграциялау идеяларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді;
республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру мәселелері бойынша материалдар жариялайды.
212. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
басқарудың инновациялық әдістері;
баспалармен жұмыс істеу негіздері;
оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұны;
педагогикалық этиканың нормалары;
жұмыс тәжірибесін, ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті жалпылау және тарату әдістемесі;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық ережелер мен нормалар.
213. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 5 жыл.
214. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс, сондай-ақ:
ақпараттық-компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық талдау әдістерін қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалану;
білім беру процесінің өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына қатысу;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
білім беру процесінің өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік ету;
озық білім беру технологиялары бойынша ақпарат тарату;
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы;
мемлекеттік тілді білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет