«Педагогика» 17 и 20 нету Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері


Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары



бет2/11
Дата18.04.2023
өлшемі28,67 Kb.
#83835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары

Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

  1. Тәрбие әдістері туралы ұғым, топтастыру.Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері

Тәрбие тәсілдері дегеніміз — әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық — ағартушылық.
3. Бағдарлау — іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын
ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік
көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға,ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға,іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау — пікірін
айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі — сендіру әдісі арқылы
тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа
адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет