«Педагогика» 17 и 20 нету Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері



бет4/11
Дата18.04.2023
өлшемі28,67 Kb.
#83835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тәрбиенің әдістері мен құралдары.

Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.

  1. Дидактика. Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет