Дәріс 18. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері.
Жоспар:
1. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.
2. Оқыту процесінің қарама-қайшылығы.
3. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері және формалары
Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – тәрбие ұжымы есептеледі.Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады.Тәрбие ұжымында оқуылар арасында аөзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргетасы қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп – ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа бірлескен, соған сай бірлескен әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез-құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүниетанымын, рухани байлығын, моральдық тазалығын, дене тәрбиесінің жетілуі, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтытың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбиелік шаралардың басты саласы балып табылады.
Тәрбие ұжымын құруда, олардың сапалы білім алу мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу да болмайды. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп – мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады.
Тәрбиелік ұжымда оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет – білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Тәрбие ұжымының бұл бағыттағы тәрбие жұмысы мектептегі “Оқушыларға арналған ережелердің” мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушылардың жоғары үлгерімге жетуіндегі оқу әрекеттерін ұйымдастыру.
Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетешісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмыстарының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.
Мұғалімнің тәрбиелік шеберлігі дегеніміз – оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Бұл тұрғыда, сыныпта қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттерімен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талаптарына салып қана отырған жағдайда ғана қалыптасады.
Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сыныптарда жолдастарының оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік, қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.
Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр - оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады. Дәстүр – бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды тәжірибесі.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің тәбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.Бұл үшін мұғалім оқушыларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды арттыру барысында, жекелеген оқушылардың қабілеттері мен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екінші жағдайда, қоғамдық тапсырмаларды орындау барыснда балалардың бір-бірімен араласуы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып, кетуіне мүмкіндік туғызады. Қандайда бір жаңа іс сынып өміріне қозғау салады, оны мазмұнды да жарқын етеді. Сондықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырмаға ие болып оны өзінің шамасына қарай орындау керек.
Оқу тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекеттерді нәтижесі ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық әлеуметтік мотив болу керек.
Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштардығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуының пайдасы көп.
Ұжымдық шығармашылық форма – оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін:
-әрбір қатысушының қызығушылығы және қажеттілігі ескерлуі тиіс;
-жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;
-ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс;
Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылардың тәжірбе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.
Ұжымдық шығармашалық әрекеттің қандайда бір формасын алмайық, оның нәтижелі болуы мұғалімдер болмасын, оқушылар болмасын, ой фантазиясын, тапқырлығын, өзінше көзқарасын көрсету қажет. Сонда ғана ол олар үшін көңілді де қызықты болады. Әрине, мұндай қатынас мүғалімдер үшін де әсерлі.
Достарыңызбен бөлісу: |