-Қолдану деңгейі : жалпы педагогикалық,пән әдістемелік,бөлімдік (модульдік);
-Философиялық негізі : ғылыми және діни ,гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);
-тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс –жауапты (ассоциатив - рефлектор); іс – әрекетті (бихевиористік),іштей ұғұ (интериоризаторлы),дамытушы;
-тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім,есептілік және дығдылар қалыптастыру),нақты қимыл-әрекеттік (оперативті-ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру),шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс- тәжирбиелік әрекеттер қалыптастыру).
-дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (миодернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология;оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы,сонымен бірге ,нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге,оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына,дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбәр оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін,ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Оқудың дәстүрлі (қайта жасау -репродуктивті) технологиясы білім,ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерулуін,қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсересе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту –бекіту-қадағалау-бағалау сұлбасы (схема)бойынша оқу процесін жүргізу.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптармен еленген. Олар – үнемділігі,күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі,білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі,білім ұсынудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Достарыңызбен бөлісу: |