«педагогика»


Дәріс 23-24. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру шылық әдістемелік басқару



бет39/45
Дата05.03.2022
өлшемі186,9 Kb.
#27091
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Дәрістік кешен

Дәріс 23-24. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру шылық әдістемелік басқару.

Жоспар:

1. Әртүрлі үлгідегі мектептерді басқару.

2. Мектеп басшыларына қойылатын талаптар.

3.Мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері /педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес
Педагогика ғылымында мектепті басқару - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен. Қазіргі заман мектебі - күрделі де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мүғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жүмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және кызмет көрсететін адамдардың ісі. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз - мүғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектепті басқарудың басты мәні - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады. В.Г.Афанасьевтің пайымдауынша: "Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады" .

"Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейін ең басты орында болған. XX ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында "басқарушылық қатынастар теориялары" атты жаңа бағыт қалыптасты. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория XX ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсіресе АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы теориямен байланысты. "Адамдық қарым-қатынас теорияларының" орнына, басқарудың жүйелік теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистік (ақыл-ой талабына ғана негізделген) және мінез-құлықтың жағымды жақтарын біріктіруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келді.

Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектепті басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П.Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдіснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткілікті баяндалмаған.

"Басқару - мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленетініне.

"Педагогикалық басқару" ұғымы "білім беруді басқару" ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) кызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген "адам - адам" жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады - педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.

Педагогикалық басқарудын білім беру жүйесіндегі басты объектісі - жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама - мемлекеттік қоғамдык ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мектепті басқару теориясының объектісі - оның барлық құрамды элементтерімен алынған процес болып табылады. Практиканың объектісі - мектептің әртүрлі құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).

Практикалық басқару іс-әрекетінің құралдары - басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің құралдары - ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсілдер, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.

Педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет