Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Үшінші кезең1950 жылдардан бастап



бет6/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Үшінші кезең1950 жылдардан бастап

Гальперин Пётр Яковлевич
(1902-1988) - психологы,Ресей Федерациясы ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері

«Адам құралы мен жанұя көмекші құралдарының психологиялық айырмашылығы оның мәні» 1936ж, «Ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды қалыптастыру мәселесі жөніндегі зерттеудің негізгі қорытындылары» 1965, «Зейінді эксперименттік тұрғыда қалыптастыру» 1974, ,"Әрекеттің ақыл-ойлығы және ғылым пәні" (1974), «Психологиялық кіріспе»1986

Гальперин теориясы педагогикалық психологияда, ересектерді оқыту психологиясында, педагогикалық төмендеп кеткен балаларды, интеллектің дамуын психодиагностикалауда кең өрісті қолданылады

Төлеген Тәжібаев (1910-1964)



Кеңес өкіметі жылдарында қазақ психология ғылымынның дамуына Ж. Аймауытовтан кейінгі елеулі үлес қосқан ғұлама ғалым, белгілі мемлекет қайраткері және дипломат болған . «Психология ғылымынын пәні», «Ұжым мен топ психологиясы», «Қарым-қатынас психологиясы», т.б.

Т. Тәжібаев енбектері
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаевтың психологиялық
және педагогикалық
көзкарастарын зерттеуге
арналған.

Н.Ф. Талызина 1923-2011 г. в с. доктор психологических наук (1970), профессор (1971),

Теоретические проблемы программированного обучения. М., 1969; Пути и возможности автоматизации учебного процесса. (В соавторстве с Т.В.Габай). М., 1977; Методика составления обучающих программ: Учебное пособие. 1980; Управление процессом усвоения знаний. (Психологические основы). М., 1975, 1984; Педагогическая психология. Психодиагностика интеллекта. (Совместно с Ю.В. Карповым). М., 1987; Пути разработки профиля специалиста. (Ред. и соавт.). Саратов, 1987.

Ол бихевиоризм негізінде оқытудың әрекеттік концепциясын қалыптастырды. (Талызина, 1969).

Эльконин Даниил Борисович (1904-1984)- кеңес психологы, педагогика ғылым докторы, профессор.

Д.Б. Эльконин балалар психологиясы оқулығының авторы, балалар ойыны теориясының, жас ерекшелік даму кезеңдері концепциясының негізін салушы ретінде белгілі. 1959 жылы Д.Б Эльконин бастамасымен Психология институтының жанында эксперименттік мектеп ашылды, онда білім игерудің жасқа байланысты мүмкіндіктері және бастауыш оқыту бағдарламаларын құру принциптері пысықталды. Д.Б.Эльконин жетекшілігімен тұлғаның жасөспірімдік шақтағы ерекшеліктері зерттелуде

Эльконин бала және пед. психологиясының әр түрлі мәселелерін зерттейді. Ол ойынның психологиялық табиғаты мен пайда болуын, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы үшін маңыздылығын, ауызша және жазбаша сөйлеудің психологиялық айырмашылықтарын, оқуға бастапқы рет үйретудің жаңа әдісінің психологиялық негіздері туралы мәселелерді зерттеді, эксперименттік әліппе жасады.

Давыдов В.В. (1930-1998) — дамыта оқыту теориясын құрастырушылардың қатарындағы отандас психолог.

«Оқытудағы қайталаудың түрлері»,"Оқыту курстарын құрастыруда логико-психологиялық мәселелер ", "Дамыта оқыту мәселелері ", "Теориялық және эксперименталды психологияны зерттеудің проблемасы ","Дамыта оқыту теориясы "1996ж

Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының дәстүрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Элькониннің, П.Я.Гальпериннің құрастырған іс-әрекет теориясын жалғастыратын психологиялық мектептің ұйымдастырушысы

Леонид Владимирович Занков (1901-(19010423) 1977) кеңес психологы.

Дефектология және педагогикалық психология саласы маманы. Л.С. Выготскийдің шәкірті. Дамыта оқыту жүйесінің авторы.




А.С.Макаренко()

"Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер , "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар".

Балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді.


Қазақстанда педагогикалық психологиядан тұңғыш рет еңбектер жазып, педагогикалық, психологиялық ғылымдар саласында ғылыми қызметкерлер даярлауға үлес қосқан қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми – әдістемелік кеңестің төрағасы болған және т.б. қоғамдық жұмыстар атқарған Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964).
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында адамның сөйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін кең тұрғыда зерттеген ғалым – зерттеуші, психология ғылымдарының докторы М.М.Мұқанов. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, 2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты психологиядан докторлық диссертация қорғаған психология ғылымдарының докторы Қ.Б.Жарықбаев.
Әлеуметтік - психологиялық жағдайларды және оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің тиімділік механизмдерін зерттеумен; полиэтностық орта құндылық бағдарлардың қалыптасу және даму механизмдерін кешенді зерттеумен; адамдардың бірлескен іс–әрекетіндегі, соның ішіндегі моноэтностық және полиэтностық өзара әрекет пен қарым-қатынастағы мағына, мотив, және мақсат құрылым механизмдерін зерттеумен кең көлемде айналысушы психолог – ғалым С.М.Жақыпов.
Қазіргі психологияның өзекті мәселелерімен айналысушы ғалымдар психология ғылымдарының докторлары Х.Т.Шерьязданова, Ж.Ы.Намазбаева және т.б. психологияның өзекті мәселелері мектепке дейінгі бала психологиясы мен кіші мектеп оқушыларының оқыту үдерісі және басқа да мәселелер зерттелуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет