Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет3/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Педагогикалық психологияның негізі білім беру үрдісіндегі (терминді 1877 ж П.Ф. Каптерев ұсынған) жалпы психологияның заңдылықтары мен механизмдері болып есептеледі. П.Ф. Каптерев білім беруді адамзаттың ішкі дүниесіндегі өз іс-әрекетінің көрінісі және қабілеттің дамуы деп қарастырды. XIX ғасырдың аяғында педагогикалық психологияның дамуының екі тенденциясы анықталды. Біріншісі-баланың психикалық дамуындағы проблемеларының кешенді зерттемелермен, оны оқыту және тәрбиелеумен, оқытушының кәсіби іс-әрекетімен байланысты (Н.Х. Вессель, П.Ф. Каптерев, П.Д. Юркевич, П.Ф. Лесгафт, В. Анри, Э.Клапаред, Дж. Дьюи и др.).Екінші тенденцияның шығуы Г. Ле Бонаның «Психология тәрбие » (1910) және В.А.Лаяның «Эксперименттік дидактика» (1903) еңбектерімен байланысты болды. Мұғалімнің психологиясы – өз алдына жеке психологияның бөлімі ретінде XX ғ 40-50 жж қалыптаса бастады. Бұған дейін «Мұғалімдерге арналған психология», «Мұғалімнің психологиялық ағарту ісіне арналған тапсырмалар» (У. Джеймс, Г. Мюнстерберг, Дж. Дьюи) ғана болған.
XXғ басында Ресейде педагогикалық психология бойынша екі съезд (1906,1909) және эксперименталды педагогика бойынша үш (1910, 1913, 1916) съезд өтті, онда педагогикалық процестің психологиялық ұсыныстар негізінде қалыптастыру жайлы сұрақтар қарастырылды. «Эксперименталды педагогика» терминін 1907 жылы Э.Меймон ұсынды, бұл термин ұзақ жылдар бойы педагогикалық психологияның синонимі ретінде трактатталды. Съезді қорытындылай келе, практикада психологтардың ұсыныстарын қолдану мүмкіндігі туды. Бұл жалпы психологиядағы білім беру процесінің әдістеріне, адекватты міндеттемесіне сүйене отырып, баланы зерттеумен түсіндірілді. Съезде педалогтардың шығуы қызығушылық тудырды. XIX ғасырдың аяғында педология Батыста балалар жайлы кешенді ғылым болып қалыптасып, XX ғасырда Ресейде кеңінен тарады.1904 жылы Петербург қаласында білімнің кеңінен таралу, дамудың негізін түсінудің маңыздылығы сонымен қатар педагогтарға білім беру мақсатында А.П.Нечаевтың жетекшілігімен педологиялық курс ашылды. Курстың практикалық тапсырмаларын мыналар құрады: балалардың психофизиологиялық табиғатын зерттеу, оқушылардың даралық негіздерін зерттеу әдістемелерін көрсету, болашақ мектеп реформасын құрастыру ретінде материалдар жинау. Осы кезеңде «Вестник воспитания», «Вестник психологии, криминальной антропологии и педологии», «Педагогические известия», «Семья и школа», «Русская школа» атты журналдар жарық көрді
Педологияның міндеті баланың өмірі мен дамуы жайында мәліметтер жинап талдау, бала дамуының заңдылықтарын қарастыру, оларды кезеңдерге бөлу болып бекітілді. Педология ғылым ретінде баланы оқытуда ауыстырылып отыратын байыпты төрт принципке негізделген:Бірінші принцип – баланы «біртіндеп»(по частям) зерттеуден бас тарту, бала туралы жан-жақты білімдерді синтездеуге ұмтылу (физиологиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б.). Екінші принци – баланың дамуы мен серпінділігін зерттеуді генетикалық болжау (тенденциялар арқылы). Үшінші принцип - баланы әлеуметтік ортасымен оның өміріндегі жағдайлармен және тәрбиесімен байланыстыра отырып зерттеу. Төртінші принцип – педологияның практикалық бағыттылығы, тәрбиелеуші мен балаға мәнді етіп бала жайында ғылым жасауға ұмтылу. П.П.Блонский политехникалық еңбек мектебінің негізін құрастыруда жұмыс жасады, мемлекеттің оқу бағдарламасын және оқулықтар құрастыратын бөлім кеңес мүшелерінің құрамына кірді. Кеңестік психологияның материалистік ғылым ретінде қалыптасуы кезінде П.П. Блонский педология өзіндік зерттеу пәні, баланың жеке сипаттарымен өзара байланысы бар ғылым екенін растады. Ол: «бала бойының өсуін физиолог, іс-әрекеті мен мінез-құлқын психолог зерттейді,ал педолог бойының өсуін, іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттейді» деп жазады. П.П. Блонскийдің зерттеуі екі негізгі принциптен құралды: даму принципі және баланы біртұтас зерттеу. Осындай түрде педологияның пәні түрлі заманның сиптомокомплексі, бала дамуының кезеңдері мен фазалары болды. Педология баланың жас ерекшеліктерімен байланысты тәрбие проблемаларын зерттеуде танылған болатын. Сондықтан оның басты міндеті биогенетикалық теорияға негізделген бала дамуының заңдылықтары деп есептейміз. Басқаша айтқанда бала өзінің онтогенетикалық дамуында адамгершіліктің биологиялық эволюциясының және мәдени-тарихи дамуының негізгі кезеңдерін қайталайды. Бұл теория Л.С. Выготскийдің дамудың мәдени-тарихи концепциясының негізіне жатады.
Отандық педагогикалық психологиядағы ең маңызды жағдайлардың бірі Бүкілресейлік балалардың қорғансыздығы және балалар қылмысымен күрес бойынша өткізілген съезд (1920ж)болды, комитет ұйымының төрағасы В.П.Кащенко болып тағайындалды. Оның 1930 жылдары жазылған «Педагогическая коррекция» атты кітабы, Ресейде тек 1992 жылы ғана шығарылды. В.П. Кащенконың ойы бойынша қиын балалардың шығуына ортасы кінәлі. «Баланы мұғалім емес, қоғам тәрбиелейді,ондағы қысым мен мәдени жағдай, күнделікті күйбең тіршілік. Біздің балалар көріп, еститін әрбір қимылымыз, сөздеріміз бен дауыс ырғағымыз баланың өміріне,оның тұлғасының қалыптасуына әсерін тигізеді». 1920 жылдың ортасында Л.С. Выготский мен оның оқушылары Л.С. Выготскийдің мектептегі алты жылдық тәжірибесі негізінде кеңестік психологияның негізін құрастырады. Осы жұмыстың сапалы нәтижесінде психология пәні қайта психикалық үрдістер туралы ғылым болады. 1926 жылы оның баланың тәрбиесі мен психикалық дамуы, ересектермен бірігіп әрекет етуі жайлы жазылған «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық көрді.
Педагогикалық психологияның дамуында интеоризация ұғымы маңызды орын алды. Бұл ұғымда психикалық функциялар қоғамдық тәжірибеде екі жағдайда орын алады: ең алдымен сыртқы,одан кейін ішкі жоспарда оқыту. Л.С. Выготскийдің теориясы дамыта оқытуға негізделген: оқытудың систематикалық және мақсатқа бағытталушылығы мінез-құлықтың дамуына әкеледі, егер «алдыға ұмтылса» онда ол жақын тұрған нәтижелерге қол жеткізеді. Ол «педагогика кешегі дамуға емес,баланың ертеңгі дамуына негізделуі керек » деп есептеді. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы бала дамуының жалпы теориясының пайда болуына ықпалын тигізді. Сонымен қатар педагогикалық психологияның құрылуына М.Я. Басовтың «Опыт методики психологических наблюдений и ее применение к детям дошкольного возраста» атты еңбегі маңызды ықпал етті. Табиғи эксперименттік әдісті құрастырушы А.Ф. Лазурскийдің ізімен, М.Я. Басов баланы оқытудың объективті әдістерін табуға тырысты. Ол бақылаудың зерттеу әдісі ретінде сызбалары мен қойылатын талаптарын жасауға еңбек сіңірді.
Психологияның дамуында С.Л. Рубинштейннің де жұмыстары айрықша орын алды. 1920 жылы ол субъект идеясын дамудың өзіндік детерминациясымен, өзіндік себептерімен, өзара әрекет етуімен және пайда болуымен байланыстырды. Субъект концепциясы адамның өзін-өзі белсенді ұстау психологиясына өз еркімен қарым-қатынас болмысын құруды ,«Өз әрекетіммен мен үздіксіз пайда болған жағдаяттарды бұзып,өзгерте аламын,сонымен бірге өз шегімнен өзім шығып кете аламын»деген ұғымды қалыптастыруды алып келді. Субъект пен субъектив идеясы отандық психологтармен, қазіргі білім беру талаптарына сай құрастырылды.
1927 жылы 27 желтоқсанда педалогтардың алғашқы съезді ашылды. Оның барысында педалогияның даму бағдарламалары құрастырылды. Бір бөлімі білім беру практикасында педалогиялық системаларды зерттеу болды. Балалар жылына екі рет педалогтардың, балалар дәрігерінің , көз дәрігерінің , жүйке жүйесі дәрігерінің және басқа да мамандардың қарауынан өтіп отырды. «Қиын» балаларды жеке психологиялық кабинеттерде тексеруден өткізетін болды.
Әрбір балаға : Өзі жайлы ақпараттар; Ата-анасы туралы мәліметтер;
Эмбрионалды факторлар; Босанудың ағысы; Баланың даму тарихы; Қоғамдық факторлар; Оқыту; Сөйлеу; Мінез-құлық қырлары, жүйкесі, іс-әрекеті;Дарындылық ерекшеліктері;Өмірлік дарындылықтары; Еңбек уақытындағы мінез-құлықөзгерістері; Толықтырулар; Мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анкеталар құрастырылды. Ата-аналармен бала өміріндегі талаптар туралы жеке сұрақ-жауаптар алынды. Сонымен қатар баланың психикалық функцияларының дамуы мен оқу деңгейі,өзін-өзі бағалауы тексеріліп отырды. Педологтар сыныптарды тестілеу әдістерімен жинақтап, мектеп режимін бекітті, педагогтардың іс-әрекетін қадағалады. Олардың жұмыстарының негізгі құралдары тесттер мен сұрақтар болды.
1930 жылы білім беру мен даму процестерін: танымдық қызмет пен қабылдау,ойлауды байланыстыру, есте сақтау мен ойлау, оқу процесіндегі ойлау мен сөйлеудің дамуы, түсініктің кезеңдері мен механизмдерін зерттеу өзгертілді. 1940 жылы көптеген зерттеулер түрлі оқу материалдарын түсінуге арналды. 1950 жылы А.Р. Лурия мен оның әріптестері 1927 жылы Л.С.Выготский бастаған ақыл-естің кемшілігін диогностикалау проблемасымен айналыса бастады.
Б.Г. Ананьевтің жетекшілігімен жасерекшелік және дифференциалды психология мен адамның өмірлік жолындағы мақсаттарын оқытудың бағытын біріктіретін «онтопсихология» бағыты қалыптаса бастады. Ол ақыл-ес іс-әрекетінің қалыптасуындағы проблемалармен және ес,мінез-құлық, еркін жағдайда оқыту ісімен айналысты. 1955 жылы Ресей мен басқа да шет елдердегі психологиялық теория мен практиканың жаңа жетістіктері жайлы «Вопросы психологии» атты журнал шыға бастады. Оны бүкіл одақтық психологтар құрастырды. Адамның жалпы проблемаларына, білім алуды адамзаттың өмір сүру талаптары ретінде қарастыруға деген қызығушылық оянды. Мектептегі білім беруді адамның дамуындағы көне логикамен байланыстыру қарастырылды. Адамның өз мүмкіншіліктерін көріп, ашатын философиялық бейнесі «Тұлға неден басталады?» (1979) және «Білім беруді дамытудың философоия-психологиялық мәселелері» атты кітапта көрініс берді.
Педагогикалық психология философиялық және мәдени идеядан бастау алады. 1950 жылдың соңында оқытудың концепциялары: оқыту, ақыл-ес іс-әрекетіне негізделген оқыту, проблемді оқыту шыға бастады. 1960 жылы кіші мектеп жасындағылардың абстрактілі ойлауына бағытталған оқыту теориясы құрылды. 1970 жылы оқу іс-әрекетіне арналған жалпы теория қалыптасады. Мектепке дейінгі тәрбиеге баланың дамуын ойын арқылы зерттеу ықпалын тигізді. Ол қазіргі педагогикалық психологияның баланың дамуындағы моральді ерекшеліктері, олардың өмірлік кезеңдеріне отбасының ықпалын зерттеу және қиын балалармен психологиялық жұмыс жасау, әлеуметтік психологиялық сұрақтардың тууына байланысты жауаптар қарастырылды.
Педагогикалық іс-әрекет психологиясы педагогикалық психологияның бөлімі болғандықтан 1960-1970 жылдары қалыптасқан. Мұғалімнің еңбек психологиясындағы проблемалары, педагогикалық іс-әрекеттегі орны мен атқаратын рөлі, қарым-қатынас стилі белсенді қарастырылды.
Қазіргі психо-педагогикалық зерттеулер контексті оқытуға, танымдық іс-әрекетке, концепцияларға, зерттеу мен дамытуға негізделген. Педагогикалық психологияның құрылымында оқушының ұжымдық және оқу тобының арасындағы әлеуметтік-психологиялық зерттеулер ерекше орын алды. Сонымен қатар педагогикалық психологияда жалпы дарындылық концепциясы, кәсіби жүйелеу концепциясы, педагогикалық іс-әрекет маңызды рөл атқарды.

№1 кесте. Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері, ұлы ойшыл педагогтар





ойшыл – педагогтар

еңбектері

пікірлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет