Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы Топ : бс-21 Тақырыбы


Ертегіні оқып болған соң  мынадай сұрақтар қойып, тапсырма беруге болады



бет4/4
Дата10.03.2022
өлшемі21,04 Kb.
#27420
түріПрактикум
1   2   3   4
Ертегіні оқып болған соң  мынадай сұрақтар қойып, тапсырма беруге болады:

  1. Құстар тордан қалай құтылмақ болды?

  2. Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?

  3. Тордағы құстар бір-бірімен не үшін айтысты?

  4. Құстар тордан құтылып кете алды ма?

  5. Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар.

  1. Мына тақырыпты оқып талдаңдар. Мәнерлеп оқуға даярлау үшін қандай дайындық жұмысын жүргізер едіңдер? 

ДАНЫШПАН

(Ел аузынан)

    Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіпті. Ол әрі қартты, әрі өзін сынау мақсатымен:

- Ақсақал, осы мен қандай  жігітпін, сынаңызшы, - депті

 Қарт жігіттен жолдасын  көрсетуін өтініпті. Жігіт жолдасын  жібереді. Қарт жігіттің жолдасын  әр түрлі істермен сынап, ақырында  жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт  келген соң, қарт:

- Шырағым, жаман жігіт  көрінбейсің, - депті.

- Қалайша, мені олай  дейсіз, мені байқап та көрген  жоқсыз ғой, - дейді жігіт.

 Қарт күліп:

- «Жігітті жолдасына қарап  бағала», - демей ме халық мақалы  депті.

1.Жігіт данышпан қарияға  қандай мақсатпен келді? Қария  жігітке қандай талап қойды?  Ақырында данышпан қария жігітке  қандай жауап қайтарды? Әңгіменің  мазмұнын толық айтып беріңдер.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, диалогтың оқылуына ерекше назар  аударып, логикалық, психологиялық  кідірістерді анықтаңдар. Тақырыпты  жоспарлап жазыңдар. 

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу ,жазу. 1-тапсырманы орыңдау

1Тапсырма

1. Өзіңіз қалаған бір шағын мәтінді мәнерлеп оқу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіңіз.

2. Дауыс ырғағы, оның негізгі құрамдас бөліктерінің анықтамасын жазып, мысал келтіріңіз.

3. 1-7 сыныптың «Әдебиет» оқулығынан рольге бөліп оқуға келетін бес көркем шығарманы атап көрсетіңіз.



4. Өлең жүйесі компоненттері, анықтамаларын жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет