Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы Топ : бс-21 Тақырыбы



бет1/4
Дата10.03.2022
өлшемі21,04 Kb.
#27420
түріПрактикум
  1   2   3   4

Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы

Топ : БС-21

Тақырыбы: Мәнерлеп оқу  материалы бойынша алдын ала  жүргізілетін жұмыстар.

Бастауыш   сыныптардағы  оқу сабағының басты міндеті оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге  үйрету, оқуға деген құмарлығын  арттыру. Бастауыштың 1-сыныбынан  бастап, әлі сауат ашу кезі  жүріп жатқан кездің өзінде, мұғалім  балаларға лайықты суретті кітапшаларды  көптеп әкеліп, ішінен қызық жерін  жатқа айтып, кейбір қысқа ертегілерді  оқып береді. Егерде, мүмкіндігінше  мұғалім оқылатын мәтінді мәнерлі  де әуезді окып әңгімелеп беріп отырса,бала ықыласына ерекше  әсер етеді. Тезірек әріптердің  бәрін үйреніп, мұғалімнің оқығанындай  оқуды армандамайтын, әсерленбейтін  бала болмаса керек. Бастауыш сынып оқулығында оқушылардың жан-жақты білім мен  тәрбие алуына арналған материалдар  жеткілікті. Кітаппен жұмыс істей отырып мәтіндегі негізгі ойды ажыратуға, әрбір бөліктер арасындағы айтылған ойлардың бір-бірімен байланысын, өзгешелігін, ұқсастығын, айырмашылығын салыстыра білуге үйренеді. Айналаны қоршаған орта, Отан, Қазақстан адамдарының өмірі мен еңбегі, ерлігі, қызметі туралы түсініктері қалыптаса бастайды. Әрбір тақырып мазмұны арқылы  адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.

Мұғалім балалар алдында  оқылатын шығарманың балаларға түсінікті, әсерлі болуы үшін шығарманы күні бұрын талдап,   даярлап алады.   Балалар үшін күнделікті сөйлеу  тілінде сан рет айтылып   жүрген сөздердің өзі қиындық  келтіреді. Өйткені,  бастауыш сынып  оқушысының психологиясын ескерсек, оларға нақтылық тән, көп нәрселер абстрактілі. Балалардың сөздік қоры аз, осы шығармаларды оқу, талдау арқылы, өз бетімен кітап  оқу арқылы,   айналадағы үлкен-кішімен  қарым-қатынас жасау арқылы   жаңа сөз үйреніп, сөздік қоры біртіндеп  дамиды. Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын   шығарманы   жан-жақты талдап алып қана оқуға береді. Оқу кезінде жоғарыда айтылған мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданып жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет