Пәні бойынша Дәріс кешені №1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік



бет2/19
Дата07.01.2022
өлшемі79,8 Kb.
#20041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Негізгі анықтамалар


Өнертабыс – адам қызметінің белгілі бір саласында әйгілі аналогтармен салыстырғанда жаңалыққа ие және әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес құқықтық қорғалатын техника объектісін түзуге бағытталған міндеттің техникалық шешімі.

Егер өнертабыс жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, онда қазақстанның патенттік заңдылығына сәйкес өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі.

      Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып саналады. 

Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде деп саналады. 


     Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. 

      Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техника деңгейi туралы мәлiметтерге басқа авторлардың бұрынырақта өнертабыстар мен пайдалы модельдерге берген өтінімдері, сондай ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi (басымдықтары болған күннен бастап). Жаңалық абсолюттік сипатта болуы керек

      Егер өнертабыс өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.

өнертабыс объектілері - құрылғы; әдіс(биотехнологиялық, емдеу әдістері, диагностика және профилактика); заттар(химиялық, емдік қосқанда); микроорганизм штаммдары, жануар және өсімдік жасушаларының культурасы; бұрыннан белгілі құрылғы, әдіс, зат, штаммдарды жаңа мақсатта қолдану.
     Өнертабыс болып саналмайтындар мыналар: 

      1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;

      2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;

      3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер;

      4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;

      5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдер;

      6) ғимараттар, үйлер, аумақтар, құрылыс жоспарларының жобалары мен сұлбалары;

      7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;

      8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар.

Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 



пайдалы модель - оларды жасауда жоғары өнертабыстық деңгейді қамтамасыз етуді талап етпейтіндей өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн жаңа конструкциялық орындау. Пайдалы модель өнертабысқа анағұрлым жақын объект болып табылады. ҚРда пайдалы модельдер ретінде құрал-жабдықтары (құрылғылар) қорғалады.

Пайдалы модель жаңа және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, оған құқықтық қорғау ұсынылады.

 Егер модельдің маңызды белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып саналады. 

 Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды. 

Пайдалы модель ретінде мыналарға жататын шешімдер қорғалмайды:

- әдістер, заттар, микроорганизм штаммдары, жануар және өсімдік жасушаларының культурасы, сондай ақ оларды жаңа мақсатта қолдану;

- жоғарыда айтылған патенткеқабілетті өнертабыс ретінде мойындалмайтын объектілер.

  Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.

     Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.

өнеркәсіптік үлгі - әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес құқықтық қорғалатын бұйымның(өнімнің) сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм. Егер өнеркәсiптiк үлгi жаңа, бiрегей және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса, оған құқықтық қорғау ұсынылады

Егер үлгінің маңызды белгiлерiнiң жиынтығы өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктері бойынша әлемдегі жалпыға мәлім ақпараттарда үлгінің басымдылық күніне дейін белгiсiз болса, өнеркәсіптік үлгі жаңа болып саналады. 

Өнеркәсiптiк үлгiнің жаңалығын бекіту барысында ҚР басқада тұлғалардың өнеркәсiптiк үлгiге бұрынырақ берген өтінімдері, сондай ақ ҚР патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлер ескеріледі.

Егер үлгінің маңызды белгілері өнімнің эстетикалық ерекшелігінің шығармашылық сипатын анықтайтын болса, өнеркәсiптiк үлгi бірегей болып саналады. Егер үлгі сәйкес өнімді дайындау арқылы бірнеше рет қайта жаңаратын болса, онда өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсіпте қолдануға жарамды болып саналады.

Өнеркәсiптiк үлгiлер көлемді, жазықты және біріктірілген болуы мүмкін.

Мынадай шешiмдер өнеркәсiптiк үлгi болып саналмайды: 



  1. бұйымдардың тек қана техникалық қызметіне негiзделсе;

  2. сәулет объектiлерi(шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттар;

  3. баспа өнімдері;

  4. сұйық, газ тәрізді, сусымалы немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз формадағы объектілер;

  5. қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдар.

 
Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) – бұл бір шаруашылық субъектісіндегі тауарлар мен қызметтерді басқа бір шаруашылық субъектісіндегі біртекті тауарлар мен қызметтерден ажырату үшін пайдаланылатын тауардың тіркелген сөздік, бейнелеу, көлемдік немесе басқа белгісі.

Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) ретінде тіркелген белгі кез келген түсте немесе түстер қоспасында тіркелуі мүмкін.



тауардың шыққан жерінің атауы – бұл тауарды белгілеу үшін қолданылатын географиялық объектінің атауы, оның ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны өндіру орнына байланысты (табиғат жағдайларына немесе адамдарға, немесе екеуіне де байланысты).

патент - өнеркәсіптік меншік объектісіне жататын: өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель сияқты патенткеқабілетті объектілерге берілетін қорғау құжаты.

өнертабысқа патент – өнертабысқа шешімді, өнертабысқа авторлықты, өнертабыстың басымдылығын және өнертабысты қолдануға айрықша құқық беру өтінімін мақұлдауды куәландырушы қорғау құжаты.

Өнертабысқа(пайдалы модель) патенттің беретін құқықты қорғау көлемі өнертабыс формуласымен анықталады.



өнертабыс формуласы – өнертабыстың(пайдалы модель) техникалық мәнін білдіретін және өтінім берілген объекттің құқық көлемін анықтайтын бекітілген ереже бойынша құрастырылған қысқаша сипаттама.

авторлық куәлік – автордың атына берілетін және өнертабысқа ұсынысты, өнертабыстың басымдылығын, өнертабысқа авторлықты және өнертабысқа мемлекеттің айрықша құқығын мақұлдауды куәландырушы қорғау құжаты.

Патентке қабілеттілік – берілген объектінің техникалық және көркемдік конструкторлық шешімін айрықша құқықтың қорғау құжатын алуға болатынын білдіретін техника объектісінің заңды қасиеті.

патенттік тазалық - үшінші тұлғаға тиесілі, осы елде және оның аумағында әрекет ететін айрықша құқықтың қорғау құжатын бұзбастан қолдануға болатын техника объектісінің заңды қасиеті.

техника Объектісі –сатылған немесе сатуға жарайтын(техникалық құжатта бар) техникалық шешімдер, олардың жиынтығы нақты қоғамдық қажетті қызмет(функция) немесе қызметтер кешенін орындауға арналған және оған қажетті техникалық сипаттамалар мен тұтыну қасиеттерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін өзара байланысқан жүйе (функционалды немесе басқаша).

ғылыми-техникалық бағыттар – жалпы ғылыми-техникалық принципке негізделген, қатар дамып келе жатқан немесе бір бірін алмастырып отыратын машиналар жүйесінің (аспаптар, жабдықтар, технологиялық процестер, материалдар, энергия көздері) бірі.
2 дәріс. Зияткерлік меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары
Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін құқық көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік заңы, ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы, ҚР «Тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және тауардың шыққан жерінің атауы туралы» заңы, ҚР «Интегралды микросұлбалар топологиясын құқықтық қорғау туралы» заңы, ҚР «Селекциялы жетістіктерді қорғау туралы» заңы, сондай ақ әртүрлі халықаралық конвенциялар және басқа да заңнамалық акттар жатады.

ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы».

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.


      Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
      1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
      2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);


      6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
      3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
      4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
      5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет