Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет49/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Тілдік тұлға ұғымының неғұрлым толық және жүйелік негізделуі Ю.Н.Карауловтың және оның ізбасарларының еңбектерінде мазмұндалған,ол еңбектерде тілдік тұлға «сөйлеу шығармаларының (мәтіндердің) жасалуы мен адамның қабілеті мен мінез-құлқының жиынтығы» ретінде түсініліп, былайша ажыратылады: «а)құрылымдық-тілдік күрделілік дәрежесі бойынша; ә) ақиқаттың терең және дәл бейнеленуі бойынша; б) белгілі бір мақсатты бағыттылығы бойынша». Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаның теориялық-гносеологиялық моделіне сәйкес үш деңгейін ажыратып көрсетеді: 1)вербалды-семантикалық; 2)лингвокогнитивтік және 3) прагматикалық/уәждемелік.



2-сурет.Тілдік тұлға моделі (Ю.Караулов бойынша)
Бұл деңгейлерді бөлудің өлшемдері типтік бірліктер-сөздер, жинақталған ұғымдар-концептілер мен коммуникативті-әрекеттік қажеттіліктер,бұл бірліктер арасындағы қатынастар және олардың белгілі бір кешендерге бірігу стереотиптері болып табылады. Көріп отырғанымыздай, аталмыш үш деңгейлі модель тілдік тұлғаның үш маңызды сипаттамасы вербалды-семантикалық немесе таза тілдік, когнитивтік (танымдық) және прагматикалық шеңбердегі алуан түрлі сапалық белгілерін қарастыруға мүмкіндік береді. Вербалды-семантикалық сипаттама индивидуумның лексиконынан,табиғи вербалдық қарым-қатынаста қолданатын барлық сөздік қорынан құрылады.Сөйтіп тек қана лексикалық бірліктердің саны ғана емес,сонымен қатар вербалдық құралдарды әлеуметтік жіктелім мен жарыспалылық нормаларына,функционалды-стилистикалық құндылықтарға сәйкес дұрыс қолдана білуі де ескеріледі. Бұл сипаттаманың индивидуалдығы дағдыны меңгеру дәрежесімен ғана емес, сондай-ақ сөзжасам,грамматика және нормативтік айтылу ережелерін бұзумен де анықталады. Когнитивтік сипаттама тұлғаның зияткерлік саласымен,ойлау үдерістерін болжайтын адамның танымдық әрекеттерімен байланысты.
Әрбір индивидуумда оның даму үдерісінде әлем бейнесіне көзқарасын бейнелейтін идеялар,концептілер қалыптасты. Қазіргі лингвистикада әлемнің тілдік бейнесі былай түсіндіріледі: «Әлемнің тілдік бейнесі-нақты бір қауымдастықтың санасында тарихи қалыптасқан және әлем туралы түсініктердің тілде бейнеленген жиынтығы,ақиқатты концептуалдаудың тәсілі. ...Әлемнің тілдік бейнесінің мазмұны мен тілдік ерекшеліктерін Ю.Д.Апресян былайша нақтылайды: «Табиғи тіл әлемнің концептуалдануының (қабылдау және бойға сіңіру) нақты тәсілдерін бейнелейді,тілдік мағына көзқарастардың бірегей жүйесінде топтасады,ол тілді пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті құбылыс ретінде танылады...».
Индивидуумның санасында мұндай концептілер нақты бір әлеуметтік және мәдениеттанушылық құндылықтардың қайсібір иерархиясы ретінде көрінеді.
В.П.Конецкая мұндай концептілер ретінде сөйлеуде белгілі бір адамдардың қолданған сүйікті ауызекі формулаларын және «оларға қарап белгілі бір тұлғаны тануға болатын» индивидуалдық сөйлеу оралымдарын қарастыруды ұсынады. Прагматикалық сипаттама коммуникацияның мақсат-міндеттерімен сөйлеушінің ниетімен,оның мүдделерімен,уәждерімен және нақты коммуникативтік мақсаттарымен анықталады.Сөйлеушінің дәл осы уәжділігі,Ю.Н.Карауловтың анықтауынша, «коммуникативтік-әрекеттік қажеттілік »болып табылады және тілдік тұлғаның прагматикалық деңгей бірлігі болып саналады,оның индивидуалдық ерекшеліктерін айқындайтын неғұрлым маңызды фактор болып қызмет етеді.Бұл ерекшеліктер индивидтің логикалық пайымдау білімінің деңгейімен ғана емес,сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде оның эмоцияларымен және қарым-қатынастың жағдаяттық фактор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет