Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандыққы кіріспе» 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ Әдістемелік материалдары



бет61/83
Дата06.01.2022
өлшемі194,26 Kb.
#13300
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
0201ceb6-563e-11e5-884b-f6d299da70eeУММ 5В072000Мамандыққа кіріспе каз.

Өздік бақылау сұрақтары:

1. Химиялық технологияның негізгі түсініктері, түрлері, салалары, есептері мен терминдері. Инженер-технолог кәсібінің ролі және мәні.

3. Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы саласында қазіргі мәселелер және олардың шешілу жолдары.

Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского поли-

технического университета, 2011. – 194 с.

2. Интернет ресурстар.


6 Дәріс.

Химиялық өндірістің шикі заты.

Жоспары:

  1. Технологиялық процесте түсінігі және ролі.

  2. Шикі зат классификациясы.

  3. Пайдалы қазбалардың қоры.

  4. Шикі затты кешендік пайдалану.

  5. Химиялық өндірісте суды пайдалану.

І. Шикізат дегеніміз өндіріс өнімдерін шығаруда пайдаланатын табиғи материал. Шикізат техникалық процестін негізгі элементі, ол процестің экономикалық тиімділігін, өндірістің техникасын және өнімнің сапасын анықтайды. Химиялық өндіріс үшін шикізаттың жоғары материалды сыйымдылығы және жоғары шығымы сипатты. Шикізат алуда болашақ өнімнің бағасы 60-70% тәуелді. Көптеген жағдайда бір өнеркәсіптен шығатын өнім басқа жаңа заттар алуда шикізат болады. Мысалы, әр түрлі минералды қышқылдар тұздарға айналады, олар әр түрлі халық шаруашылығына қажетті. Кең шығару техникасының дамуы, шикізатты даярлау, байыту, шикізаттың жаңа түрлері, пайдалы қазбаларды пайдалануға жаңа жол ашады. Сондықтан химиялық өндірістің шикізат қоры үзіліссіз өседі. Көптеген өндірістерде бастапқы материал ретінде өңдеуден өтілген өнім жартылай фабрикат алынады. Кейбір химиялық өндірістер шикізат ретінде бастапқы өндірістің қалдықтарын немесе қосалқы материалдарын пайдаланады.

ІІ. Шикізаттың жіктелуі:


  1. Шығатын көзі бойынша: а) минералды шикізаттар

б) өсімдіктер шикізаттары

в) жануарлар шикізаттары



  1. Агрегаттық күйі бойынша: қатты, сұйық, газ

  2. Құрамы бойынша: бейорганикалық және органикалық.

Минералды шикізат бөлінеді: рудалық, рудалыө емес, жанғыш немесе органикалық.

Рудалық минералды шикізат дегеніміз – металдар болатын тау жыныстары немесе минералды агрегаттар. Олардан техникалық таза түрде экономикалық тиімді жолмен металдарды алуға болады (темір, мыс, мырыш, алюминий).

Рудалық емес минералды шикізат – химиялық құрылыс немесе басқа да металл емес материалдарын шығаратын, өндірісте қолданылатын минералды шикізаттардың барлық түрлері.

Жанғыш немесе органикалық минералды шикізат – жанғыш пайдалы қазбалар ( мұнай, көмір, тақтатас, табиғи газ).

ІІІ. Пайдалы қазбалар қоры бойынша: балансты – өндіріс талаптарына жауап беретін және экономикалық тиімді түрлері.

2) баланстан тыс – құрамында пайдалы компоненттің мөлшері төмен процентті, қоры аз немесе жеткіліксіз, эксплуатациясы күрделі жағдайға жататын және өндіріс тұрғыдан пайдалану мүмкіндігі аз зерттелген.

IV. Минералды шикізаттар ресурстарды кешенді пайдалану дегеніміз пайдалы қазбалардан бірнеше пайдалы элементтерді шығарып алу. Мыс, сульфидті рудалар – мыс, мырыш, қорғасын кіргізеді (12% болады), басқасы темір сульфиді (88%). Руданы байытуда темір сульфиді қалдыққа айналады, оны шикізат ретінде күкірт қышқылын алуда пайдаланады. Өз кезегінде күкірт қышқылы өндіріс қалдығы ретінде металдардың оксидтерін шығады. Сондықтан шикізатты кешенді пайдалану үшін өнеркәсіп орындары комбинерленуі керек (түсті және қара металлургия, органикалық және бейорганикалық синтез, химиялық өндіріс пен құрылыс).

V. Химиялық өндірісте суды пайдалану

Химиялық өндірісте су – негізгі материал. Шығымы:



  1. Өнімдер мен аппараттарды қыздыру мен суыту

  2. Вакум және өндіріс буын жасау

  3. Еріткіштерді даярлау

  4. Реакциялық ортаны жасау

  5. Экстрагент, абсоргент ретінде пайдалану

  6. Қозғағыш әдіс ретінде

  7. Өнімді жуу

  8. Заттарды айдау

  9. Шикізат және реагент ретінде пайдалану

Көптеген технологиялық процеске жоғарғы температурада және жоғарғы қысым минерализациядан өтілген жоғары сапалы су қажет. Судың шығымы өндірістің құндылығын анықтайды. Шығатын өнімнің түріне, технологияның жетілуіне, технологиялық персоналдың квалификациясына және шикізатқа тәуелді. Табиғи сулар 3 түрлі болады:

  1. Атмосфералық

  2. Жер үсті

  3. Жер асты

Жер үсті суларының өзен, көл, теңіз, мұхит сулары жатады. Жер асты суларына құдықтағы, артезиан скважинадан алынатын сулар жатады. Тұщы судың негізгі қоры жер астында орналасады. Өндірістің типіне байланысты пайдаланылатын суға әр түрлі талаптар қойылады, судың сапасы келесі көрсеткіштермен анықталады: pH көрсеткіші, кермектілігі, жалпы тұздардың мөлшері. Суды даярлау операциялары: коагуляция (тұндыру) процесі, кермектілігін жою, фильтрлеу, тұздығын жою және дегазация.
Өздік бақылау сұрақтары:

1. Шикізат түсінігі және техникалық процестегі рөлі.

2.Шикізаттың жіктелуі.

3.Пайдалы қазбалардың қоры.

4. Шикізатты кешенді пайдалану.

5.Химиялық өндірісінде суды пайдалану.



Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 б.


7 Дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет