Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.
Жоспары:
1. Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері.
2. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.
Химиялық өнімдерді шығару – жоғары шартты энергия қажеттілігімен сипатталады. 1 тонна дайын өнім алу үшін 10 – 15 тонна отын қажет.
Энергия шығымы:
Эндотермиялық негізгі химиялық реакция өткізу үшін;
Қосымша операциялар орындау (қыздыру, газдарды қысу, қатты заттарды ұнтақтау және бөлу, материалдарды тасымалдау).
Өнімнің бағасына энергия шығымы 10 % қосады. Элетроэнергияның негізгі көздері жылу электростанциялары. Энергетикалық отынның көздері: тас және құба көмір, мазут, табиғи газ.
Химиялық өндірісте қолданылатын энергия түрлері: электрэнергия, жылу энергия, химиялық энергиялар, жарық, ішкі ядролық. Әртүрлі тасымалдаушы машиналар, конвеирлар, компрессорлар, сорғыш, араластырғыштар электрэнергияны қажет етеді. Электрэнергия жоғары температура алуға қажетті. Мысалы, P, Ca карбидін алу өндірісінде, ерітінді электролизін өткізу үшін. Мысалы, Cl2, H2, сілтілік металдар алуда және балқымалар электролизі. Мысалы, Al, Mg, Na, K, Ca сияқты металдар алуда және электрофильтрлер жұмысында. Мысалы, газдарды шаң мен тозаңдардан тазарту.
Өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы дегеніміз –өнімнің бірлік мөлшерін алу үшін энергия шығымы. Ең жоғарғы энергия жоғары қысым мен температура жүретін өндірістерге сипатты. (1 кесте)
№
|
Өнім
|
Электрэнергия шығымы, кВт*сағ/т
|
1
|
Al
|
18000 - 20000
|
2
|
P
|
13000 - 18000
|
3
|
CaC2
|
2700 - 3200
|
4
|
Жасанды NH3
|
1400 - 2500
|
5
|
Cl2
|
2300 - 3500
|
6
|
H2SO4
|
60 - 100
|
7
|
Аммиак селитрасы
|
7 - 15
|
8
|
Суперфосфат
|
2 - 10
|
9
|
Na2CO3 кальцинерленген сода
|
60
|
Энергия шығымы өнімнің бағасын анықтайды, сондықтан қазіргі заманда химиялық технологияның негізгі міндеті энергия шығымын төмендету мақсатымен өндірістерді жетілдіру.
Қосымша
Су сапасының негізгі көрсеткіші ол кермектілігі. Су кермектілігі стандартқа сай өлшем бірлігі ммоль/дм3. Судың жалпы кермектілігі – Кж. Корбанатты және корбанатты емес кермектер қоспасы. Кж = Кк + Кк.е. Кж суды HCl ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады:
Кж = V* C* 1000/2 * VH2O
Судың тотығуы – Тс – ол су құрамындағы органикалық зат мөлшерімен анықталады. 1 дм 3судың көлемінде болатын қоспаларының тотығуына қажетті оттек массасымен өлшенеді, мл:
Тс = V * C *158 * 0,253*1000/VH2O
V – KMnO4көлемі
158 - KMnO4 молярлық массасы
0,253 – суды тотықтыруға есептелетін коэффицент
Суды жұмсарту тәсілдері: химиялық, физикалық
Химиялық реагенттер: фосфатты және ізбес содалы
Физикалық химиялық: қайнату
Химиялық жолында есептеулер стехеометриялық жолмен жасалады:
Ді= (Mз /2) * ( Ссо2 /22,1 + СНСО3 /61,2 + СМg/12,16 + Дк/К + 0,5) * 100/w
Ді – ізбес дозасы
Дк – когулянт дозасы
С – иондар мен молекуланың жұмсақ судағы массалық концентрациясы
K – когулянттың массасын есептеу
W – кальцийдің ізбестегі массалық үлесі
Mз– заттың молекулалық массасы
Өздік бақылау сұрақтары:
Энергия түрлері мен көздері.
Әртүрлі кәсіпорындарының энергия сыйымдылығы.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 б.
№ 8Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |