Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту.
Жоспары:
1. Негізгі бейорганикалық синтез өнімінің көлемі, экспорты, импорты.
2. Катализ: катализ типтері.
3. Гетерогендік катализдің каталитикалық әрекетінің кезектері.
4. Адсорбция.
5. Бейорганикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары.
6. Катализатодың эксплуатациялық сипаттамасы.
Химиялық өндіріс мыңдық түрлер өнім шығарады. Өнімнің қажеттілігі тұрақты өсуіне байланысты өндіріс құндылығы, жаңа өндірістердің құрылысы өсуде. Өндірістің қуаттылығын жоғарылату үшін аппараттын мөлшері мен қарқындылығын өсіру қажет. Қарқындылығын жоғарылату жолдарының бірі процестің жылдамдығын көбейту және максимальды шамасына жету. Экспорт пен импортқа байланысты негізгі заңдылық келесі: 2000 жылы жыл сайын негізгі бейорганикалық синтез өнімдерінің түрлері тікелей өсуде. Мысалы: кальцинирленген сода 7 мың т әрбір жылда, минералды тыңайтқыштар 819 мың т, олардың ішінде азот тыңайтқышы 137 мың т, фосфор тыңайтқышының мөлшері 2800 т тұрақты деңгейде, калий тыңайтқышы 722 мың т өсуде, аммиак 522 мың т, күкірт қышқылы 169 мың т. Импорт саласында: 2000 жылы әрбір жылдың бірінші және екінші кварталы бойынша өнімнің мөлшері: минералды тыңайтқыштарда 248 мың т және 6,6 мың т, оның ішінде азот тыңайтқышы 196 мың т және 3,1 мың т, карбамид 29 мың т және 4,3 мың т, аммиак селитрасы 115 мың т, калий тыңайтқышы 147 мың т және 1,6 мың т, фосфор тыңайтқышы 277 мың т және 3,8 мың т, аммиак 86 мың т және 0, кальцинирленген сода 22 мың т және 20 мың т.
Химиялық процесстер төменгі температура мен қысымда өтуі үшін экономикалық және экологиялық тиімді болуы үшін реакция жылдамдығын мың және миллион есе жоғарлататын кейбір заттар қажет. Химиялық өндірісте 90% - ға дейін процесстер тек катализатор арқылы жүреді (мысалы, H₂SO₄ және HNO₃, NH₃, H₂ алу және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |