Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Философиялық заңдар, заңдылықтар



бет28/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Философиялық заңдар, заңдылықтар
Қарама–қайшылықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңыдаму үдерістерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болуына әсер етеді. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдарды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама–қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық т.б.).
Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлілігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қайшылық дамуы деп атайды. Ол таным диалектикасына сәйкес қозғалыс пен дамудың қайнар көзі немесе себебі міндетін атқарады «Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деген анықтама беріледі, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп түсіну қажет. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама–қайшылықтар бірін- бірі жоққа шығарумен шектелмей, бір -бірін сүйеп те отырулары керек.
Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы
Терістеуді теріске шығарузаңы
Таным теориясы.
Жүйелік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі.
Жүйелік тұғыр – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізінде, жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қатынаста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым.
Педагогикалық теория
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау болашаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. Түсіну дегеніміз құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты.
Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет