Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет29/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тұлға теориясы. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі.
Іс-әрекет теориясы. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практикалық және абстарктілі-теориялық (танымдық) тұғырлармен байланысты шешіледі.
Құндылықтар теориясы. Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында ілім болып табылады.
Басқару теориясы. Мектепті басқару туралы білім дер жиынтығы мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Әлеуметтендіру теориясы. Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаны әлеуметтендіру - тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар, қағидаларды білуі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжірибені меңгеруі.
Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.
Педагогика ғылымы мен практикасы жаңа әдіснамалық идеялардың пайда болуына орай, педагогикалық нысандарды ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелендіру аясында қарастыруы мүмкін. Дамуы теориялық педагогиканың іргетасын анықтайтын негізгі педагогикалық теорияны белгілеп, зерттеушілер үшін өзінше бір әдіснамалық бағдар болатын қандай да бір теория аясында ғылыми-педагогикалық әрекетті реттеуге болады. Осы кезеңде жаңа ғылыми-педагогикалық білімді жинақтау жүзеге асады.
Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу бағыттары.
Әдіснамалық ізденудің бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияныңқызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің әрекеті жүйесін ерекшелеу, шындығында, нақтыланған болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми-педагогикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық нысандардың мәнін ашатын, олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарттарын түсіндіретін сала ретінде педагогика ғылымының пәнінің түсіндіруінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет