Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Дидактика деңгейінде оқыту



бет43/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен үйренудің бірлігі.
Әдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.
Психология деңгейінде оқыту – мұғалім мен оқушының нәтижесінде оқушының интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын өзара іс-әрекетінің жиынтығы.
«Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқытуда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті.
Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші.
Педагогикалық үдеріс, сонымен қатар, педагогикалық үдерістің тұтастығы, педагогикалық үдерістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі сияқты жүйе ретінде де қарастырылады .
В.А. Кан-Калик «ұстаздың шығармашылық үдерісі оқушылардың шығармашылық үдерісін тудыратын үдеріс ... сонымен бірге бұл өзара әрекет әрбір нақтылы жағдайда байқалады, өз жағынан ол, бір сыныпта жұмыс істейтін ұстаздар ұжымының және ұжымдағы барлық оқушылардың ұжымшыл шығармашылық іс- әрекеттерінің арасындағы ерекшеліктері» деп пайымдайды.
Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер немесе технология).
Педагогикалық үдеріс – мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің, дидактикалық талаптарының педагогикалық-психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзыреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет