Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Циклді көлемдік мөлшерлегіштер



бет17/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

6.2 Циклді көлемдік мөлшерлегіштер


Бетон мен құрылыс ерітінділері мен қоймалжыңын дайындау кезінде сусымалы материалдар үшін көлемді мөлшерлегіштерді тек қана құрылыс алаңында өнімділігі аз, дайын өнім көлемі 200 л-ге дейін араластырғышта пайдаланылады. Олар мөлшерлік сыйымдылық (жәшік және т.б.) түрінде болады. Оларды жүктеу және жүксіздендіру қолмен жүргізіледі.


Суды мөлшерлеу сифон типтегі көлемдік мөлшерлегіш көмегімен жүргізіледі. Сифонды мөлшерлегіш бачоктан, сифондық және ағызатын саптамадан, клапаннан, деңгей көрсеткіші мен ауа жинағыш түтікшеден тұрады.
Турбиналық типтегі мөлшерлегіш кең қолданыс тапқан. Ол сұйықтық ағынымен айналатын қалақша көмегімен жұмыс істейді. Қалақша осі санауышпен байланысқан. Ағын өтетін сұйықтық көлемі циферблатты көрсеткішімен анықталады. Ішке ағызатын клапанды ашуды және іштен ағызатын клапанды жабуды (араластырғышқа берілетін судың қажетті мөлшеріне жетуіне) оператор қолымен жүргізіледі. Ондай мөлшерлегіш дайын өнім көлемі 500 л-ге дейінгі араластырғышпен жұмыс істеуге арналған.

6.3 Циклді әрекеттегі салмақтық мөлшерлегіштер





6.1 - сурет - Толықтырғыштарға арналған периодты әрекеттегі мөлшерлегішті автоматты басқаруының сұлбасы:
ДКН, ДПО, ДОО- бақылау датчиктері осыған сәйкес: нөлді бақылау, материал мөлшерін алдын ала және соңгы рет бөліп алуды бақылау

Ішіндегі материалымен бірге бункердің салмақ күші G иінтіректі механизм (8) арқылы материалды аударып төгетін құрылғы (9) датчигіне әсер етеді. Оның әсері вариатор мен жапқыштағы (14) реттеуіш, атқарушы механизміне күшейтіледі. Бұдан қоректендіргіш (4) өнімділігі тұрақталады.


Салмақтық бункердегі (5) материалдың берілген мөлшеріне жеткенде, материал берілуі автоматты тоқтатылады да, пневмоцилиндрлі, электрлік клапан (12) көмегімен өлшеніп алынған материал жапқыштар (10, 11) арқылы төгіледі.
Әртүрлі іріліктегі толықтырғыш рет-ретімен мөлшерленеді. Кез келген мөлшерді беру және мөлшерлегіш жұмысын бақылау қашықтықтан, көрсеткіш (16) бойынша басқару пультінен жүргізіледі.
Бір компонентті мөлшерлегіштің жұмыс істеу қағидасы бірдей, бірақ бір құраушының салатын бір бункер мен бір қоректендіргішті иемденеді. Салмақтық бункерді аударып, материал төгуге және қоректендіргішті тоқтатуға сигналды дәлірек өлшеудің датчигі береді. Өзінің қарапайымдылығына байланысты ондай мөлшерлегіштер кең қолданыс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет