Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет1/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекции (1)

КІРІСПЕ




Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты
Құрылыс материалдарын жасау өндірістерінде, құрама темірбетон өндірісі ерекше орын алады, себебі онсыз құрылысты кең ауқымды индустриализациялау мүмкін емес.
Темірбетон деталдары мен бұйымдар өндірісінің дамуы, олардың сапасының жақсаруы мен көбеюіне, құрама деталдарының мөлшерлерінің ұлғаюына, зауыттан шығатын өнімдердің дайындығына және сол бұйымдардың беріктігі мен төзу ұзақтығына байланысты анықталады.
«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының оқу бағдарламасында, құрылыс материалдарын және құрастырылатын темірбетон бұйымдарын жасауға арналған машиналар технологиялық жабдықтарды толық оқып, талдап үйренуге және жұмыс істеу параметрін есептеп, конструкциясын жобалауды меңгеруді талап етеді. Қарастырылған машиналар мен жабдықтар, конструкциялық түрлері мен күрделі дәрежесіне байланысты көп түрге бөлінеді және олардың конструкциясы келешекте үздіксіз жетілдіріліп, сапасы жоғарылайды.
Қазақстан аумағында құрылыс материалдарын өндіруге немесе сол табиғи түрінде қолданатын кен орындары көптеп саналады.
«Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасын іске асыру саласында ең маңызды мәселе – заманауи халықаралық жол магистралдарын салу, ЭКСПО-2017 кешенін бастау, бәсекелестік, дүниежүзі теңдесі жоқ әуежайлар, зәулім-көрікті ғимараттар тұрғызу, алып гидроэлектр бөгеттерін салу яғни, соған қажетті құрылыс материалдарын жергілікті жердегі құрылысқа жарайтын кен көздерін саналы және ұтымды түрде пайдалану.
Бетон қоспасын жасауға қиыршық тас өнімдері мен цемент және т.б. қоспалар қажет.
Тас қиыршықтарын (щебенька) өндіруге арнайы қой тастар ашық және жер қыртысында көп кездеседі. Сол арнайы тастарды ұсақтағыш жабдықтарда майдалап уатып, әртүрлі фракцияға сұрыптап, қажетті жеріне жіберіп отырады.
Цемент, әк, гипс өнімдерін өндіруге Қазақстанда жеткілікті кең орындары бар.
Бетон қоймалжыңын және ажарлау, тегістеу, өңдеу жұмыстарында пайдаланатын, заманауи технологиясымен жасалатын әртүрлі ұнтақ өнімдері көп қолданыс табуда. Оларға қажетті шикізаттар (сапалы сары қызыл майлы топырақтар әртүрлі фракциядағы тазартылған құмдар сланецтер, ұнтақ жасайтын кілегейлі тау жыныстары) көптеп кездеседі.
Демек, Елбасы жобалаған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын толық орындауға мүмкіншілік бар, тек осы шикізат қорын озық технологиялы, конструкциялық сапасы жоғары жабдықтар мен машиналарды қолдана отырып, іске асыруға болады.
Осы оқу құралында жоғарыда айтылған құрылыс материалдарын өңдеуге, араластырып жасауға, тау-кен шикізаттарын ұсақтауға, жабдықтар мен қондырғылардың түрлері, жіктеулі, пайдалану өңірі, конструкциялық құрылымы, жұмыс істеу үдерісі, сонымен қатар, негізгі параметрлерін анықтау формулалары рет-ретімен келтірілген.
«Көтеріп тасымалдайтын және құрылыстық машиналар» пәні студенттерді сапалы, жоғары білімді маман дайындауда негізгі пәндердің бірі ретінде, бакалавр студенттердің механикалық бағыттағы конструктор дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Өндірісті немесе зауытты, кешенді қондырғыны механизациялау мен автоматтандыруға, сол машиналарды есептеу теориясының негіздері, жұмыс істеу үдерісі және машиналарының жеке механизмдерінің, бөліктерінің жұмыс істеуі, ең тиімді машиналардың конструкциясын талдап таңдау және олардың сапасын көтеру жолдары қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет