Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет15/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
а - жалпы көрінісі; ә - кинематикалық сұлбасы

Цилиндрлік гравий жуғыш рамадан (1), іші металмен (12) қапталған барабаннан (6), қалақтардан (13), сусыздандырғыш конустан (2) тұрады. Барабанға құрсау (7) пісіріліп бекітілген, ол құрсауымен тіректі (14, 15) роликтерге тіреледі. Воронка (8) арқылы барабанға жүк салып, лоток (7) арқылы жүкті түйіріп алады. Барабан редуктор (4) және тіректі роликтердің горизонталь біліктері арқылы электрқозғалтқыштан (16) айналысқа келтіріледі. Барабан ішінде материал сумен жуылады. Барабанға су құбыржол (11) көмегімен беріледі де, барабанның ішіне алдыңғы жағынан су құбыры (9) көмегімен, артқы жағынан су құбыры (3) көмегімен беріледі. Жуғышты іске қосу аппаратурасы шкаф (10) ішіне жиналған.


Барабанның алдыңғы қабылдағышы екі бөліктен: табаннан және қақпақтан тұрады.
Қабылдағышқа оның алдыңғы қабырғасындағы тесігіне кигізіп, жүктемелік воронка (8) қойылған. Артқы қабылдағыш астау (5) түрінде орындалып, барабанның сусыздандыру конусын қармайды. Артқы қабылдағыш үшбұрыштан пісіріліп, болат табақтармен жабылған қаңқалардан тұрады. Конуспен қалақтардың арналуы - алдыңғы түбінде гравий массаларының тұнып қалуын болдырмай, пульпаның қабылдағышқа еркін ағуын қамтамасыз етеді.
Жуып шайылған гравий артқы түп аймағына түсе отырып, қалақтар көмегімен жоғарыға көтеріледі де, жүкті шығаратын конус бойымен сусыздандырғыш конусқа жылжып, одан кейін жүк түсіргіш лоток (17) арқылы тасымалдау құрылғысына жуылған таза материалды береді.
Гравий жуғыш жұмыс істеуінде су ағыны материал қозғалысының бағытына қарама-қарсы беріледі. Шығу кезінде гравий қосымша ретінде сумен себелеп жуылып шайылады.
б) Вибрациялық жуғыштар оңай, орта, қиын жуылатын материалды жуып шаюда қолданылады. Жеңіл жуылатын материал вибрациялық ұсатқыштарда өңделіп, суару жүйесімен жабдықталған қондырғыда жуылады. Қиын жуылатын материал вибрациялық жуғыштарда жуылып шайылады. Вибрациялық жуғыш құбырлы ваннадан тұрады, құбырдың астыңғы жағында тесіктері болады. Виброқоздырғыштарының жетегі эксцентрикті механизмнен, электрқозғалтқыштан тұрады. Ванналар рамаға горизонталь немесе горизонтальға үлкен емес бұрышпен көлбеу етіп, пружиналық амортизаторларға орнықтырып қойылады. Ваннаның жүк түсіретін шетінде табалдырық қарастырылған. Ол материалдың белгілі бір қалыңдығын жасау үшін және материалдың жылжу жылдамдығын реттеу үшін қажет.
Конструкциясы әртүрлі вибрациялық жуғыш пайдаланылады. Виброжуғыштар мына параметрмен сипатталады: өнімділігі - 20...100 т/сағ; жуылатын щебень ірілігі - 20...150 мм; тербелістер амплитудасы - 5...6 мм; тербелістер жиілігі - 15...16 терб/с; жуып шаю ұзақтылығы - 0,025...0,035 сағ; су шығыны - 40...100 м3/сағ және электрқозғалтқыш қуаты-20...40 кВт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет