Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет13/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Центрифуга режимінде, яғни Ψ 1 кезінде (4.3, г-сурет) шарлардың сыртқы қабаты центрден тепкіш күш әсерінен барабанның ішкі қабырғасына жабысып, ұсталып тұрады да жылжымайды. Шарлардың ішкі қабаттары ішінара жылжуы мүмкін, өйткені оларға кіші центрден тепкіш күш әсер етеді.
Сермерлік дөңгелек режимінде, яғни Ψ 1 кезінде барлық шар қозғалмайды да, «Тыныш» аймақ түзейді.

4.5 Вибрациялық диірмендер


Вибрациялық диірменде мөлшері үлкен емес материалды аса майда ұнтақтауға арналады. Бірақ олардың энергия сыйымдылығы өте жоғары. Олардың цементті үгіту, белсенділігін арттыру үшін, сонымен қатар зертханалық мақсаттарда пайдаланады.


Диірменнің мына түрлері жиі кездеседі: инерциялық, гидрациялық (эксцентрикті, күрделі кеңістіктегі тербелістерімен), құрғақ және ылғал үгітетін, үгіткіш денелерімен және үгіткіш денелерсіз (өздігінен үгілетін), ашық және тұйық циклмен жұмыс істейтін болып бөлінеді. Вибродиірмендердің негізгі параметріне камера көлемі жатады. Шартты белгілеуінде ол параметр көрсетіледі. Мәселен, камера көлемі 1000 см3 болатын вибродиірмен белгілеуі мынадай: М – 1000.
Вибродиірменнің заманауи конструкциясы параметрдің мына мәнімен сипатталады: камера көлемі – 0,05...2,7 м3, тербелістер амплитудасы – 3...14 мм; өнімділігі – 0,1...1500 кг/сағ; электрқозғалтқыш қуаты – 10 ... 420 кВт.
Вибродиірмен: пісірілген корпустан (барабаннан), рамадан, жүктемелік және жүксіздендіру люктерінен, вибробіліктен, подпишник тіректерінен, пружиналық немесе басқа бәсеңдеткіш тіректерден, теңдестіргіш қарсы салмақтардан, эластикалық жалғастырғыш муфталардан құрылғыдан, электрқозғалтқыштан, үгіткіш денелерден, салқындатқыш құрылғыдан, сұйықтықты беріп шығаратын құрылғыдан (материалды ылғыл үгітуде) және іске қосқыш аппаратурадын тұрады.
Инерциялық диірмен (4.4-сурет) пісірілген станинадан (10), резиналық амортизатордан (11), барабаннан (2), пружинадан (9) тұрады. Станина резиналық амортизатор арқылы фундаментке тіреледі. Барабанның оған пісірілген кронштейндері бар. Олардың көмегімен пружина арқылы барабан станинаға тіреледі. Пружиналар барабанды және оның ішіндегі материал мен шарлар жүктемесін тербетеді. Барабанның шет жақтық қабырғасы – қосарланған, яғни ішкі қабырғаға сыртқы қабырға пісірілген. Оған құбыр (3) пісіріледі. Құбыр арқылы қос қабырғалар арасындағы қуысқа салқындатқыш су беріледі. Барабанның ішкі құбыры дебаланстық білік (8) подпишниктерінің (4) тірегі болады. Дебаланстық білікке қосымша дебаланстар (7) орнықтырып бекітіледі. Подшипниктер қуысы шет жақтық қақпақтармен жабылады. Білік (8) кардан білік (5) арқылы электрқозғалтқыш (6) көмегімен айналады. Барабанға материалды және үгіткіш денелерді салып түсіру үшін люк (1) қарастырылған. Жүктелу коэффициенті орта есеппен 0,7...0,8. Вибродиірмен жұмыс істеуі кезінде жүктелген материал білік айналысының бағытына қарама-қарсы жаққа айналып, белгілі бір амплитуда мен жиліктегі вибрация есебінен майда үгітіледі.
Гидрациялық (эксцентрикті) вибродиірмендер инерциялық вибродиір-мендерден тек қана конструкциясымен ерекшеленеді. Оларда дебаланстық білік орнына эксцентрикті, екі жұп подшипникті тіректері бар білік пайдаланады. Бір жұбымен эксцентрикті білік станинаға тіреледі, ал басқа жұбы барабан тірегі болады. Вибродиірмен тербелістері амплитудасы білік эксцентрик шамасымен сипатталады.

4.4 - сурет - Инерциялық вибродиірменнің сұлбасы

Вибродиірмен жұмысы кезінде жылудың едәуір мөлшері бөлініп шығады да, диірмен корпусы қызады. Температурасын төмен түсіру үшін диірмен барабаны сумен салқындатылады. Вибродиірмен тербелістерінің жиілігі мен амплитудасы вибромашиналардың жалпы теориясы негізінде олардың жұмыс істеуінің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып табылуы керек. Вибродиірмендегі жетек қуаты жүйеге тербелістер беру үшін, біліктің подшипниктер мойынтіректеріндегі үйкеліс кедергісінің күшін жеңуге жұмсалады.


Өнімділігі жұмыс істеу сипатына (периодты немесе үздіксіз әрекеттегі жұмысына) байланысты және камера көлемі, толтыру коэффициенті, үгіту циклінің ұзақтығы, шығару тесігінің қимасы, материалды түсіру жылдамдығы, ағын толықтығының коэффициенті және т.б. параметр бойынша анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет