Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет3/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
КІРІСПЕ 
Көркем әдебиет (әдебиеттану) туралы ғылым көп қырлы[1]. Оның құрамында екі ұшты 
ұғынылатын ғылыми пәндер ұшырасады. Олардың біріншісі дәнекерші деп аталып, В. В. 
Прозоровтың пікірі бойынша, «әдебиет ғылымының салаларының негізін түзуші және 
байланысын қамтамасыз етуші тіректері ретінде танылады» [2]. Осы пәндер бір мезетте 
әрі көмекші, әрі «тірек», іргелілік болып табылып, әдебиеттануға фактографиялық*, 
эмпирикалық* сенімділік береді. Әдебиеттанушылық аясындағы ғұмырнама*, деректану 
(оның ішінде мұрағаттану), мәтінтаным* (кей жағдайда палеография* пәніне иек 
сүйейді) тап осындай пәндер болып келеді[3]. Өзіне лайық білімі мен тәжірибелік 
дағдысы бар, өз кәсібінің ұңғыл-шұңғылына дейін меңгерген, өз ісіне жауапкершілікпен 
қарайтын қандай да бір әдебиеттанушыны көз алдымызға осы қасиеттерінсіз елестете 
алмаймыз. 
Екінші пәндер «әдебиеттанудың басты салалары» (Ю.В.Манн) деп аталып, 
«қондырмалық» (В.В. Прозоров) ретінде сипатталады. Бұл ең алдымен тарихи-әдеби 
фактілер мен олардың арасындағы байланыстарды нақты зерттеу шеңберін, яғни әдебиет 
туралы ғылымның негізін құраушы әдебиет тарихын ауқымды қамтиды. Бұл – сонымен 
бірге біздің кітабымыздың өзегі: әдебиет теориясы немесе теориялық әдебиеттану
Аталған пән әдеби өмірдің жалпы заңдылықтарымен, бірінші кезекте – жазушылар 
шығармашылығымен айналысады.
Әдебиет теориясы әдебиет тарихында жасалғандарды жинақтауға жегіліп, сонымен бір 
мезгілде оларға нақты әдебиеттанушылық зерттеу жасауға түрткі болатын бағыт ұстанып, 
оған танымдық басымдылық бағдарын береді. Ол әдебиет тарихына қатысты көмекші пән 
болып табылады. Сонымен қатар әдебиет теориясы өз алдына дербес және өзіндік 
бәшерилік* мәнділікке ие болып келеді. Оны толық құқылы іргелі ғылыми пәндер 
санатына қосуға болады. Әдебиет теориясының аясы – көркем әдебиеттің мәнісін жарыққа 
шығаратын біршама кең ауқымдылыққа ие болып, белгілі бір шамада адамның шынайы 
болмысын тұтастық ретінде өзінше түсіндіреді. Осы жағынан теориялық әдебиеттану өнер 
теорияларымен және тарихи үдеріспен, философияның пәндері ретінде эстетикамен, 
мәдениеттанумен, герменевтикамен, семиотикамен кіндіктес (әрі тұрақты байланыста) 
болып тұрады.
Әдебиет теориясы өз кезегінде күрделі және түрлі салалар мен бөлімдерге ие болып 
келеді. Оның орталық буыны – жалпы поэтика болып табылады, бұл буын сондай-ақ 
теориялық поэтика деп те аталады. Ол – әдеби туынды, оның құрамы, құрылымы, 
функциясы, сонымен бірге әдебиеттің тегі мен жанрлары туралы ілім. Теориялық 
әдебиеттану өз бойына жалпы поэтикамен бірге өнер түрі ретіндегі әдебиеттің мәнісі 
туралы ілім мен оның тарихтағы орны алуы (әдеби үдеріс теориясы) мен қозғалысының 
заңдылықтарын да сыйғызады. 
Әдебиет теориясы пікірталас пен даулы сәттерге толы. Көптеген пікірлер мен 
тұжырымдамалар өзара алшақтанып тұрады, кейде тіпті бір-біріне мүлдем сәйкеспейді. 
Ғалымдардың пікірлерінің, ұстанымдарының, көзқарастарының әркелкі болуы заңдылық, 
әдеби шығармашылықты ұғыну көп жағдайда ол пайда болған, бастау алған мәдени-
тарихи жағдайға байланысты, сонымен бірге, әлбетте, сан алуан болып келетін 
әдебиеттанушылардың дүниетанымдық бағдар ұстауынан деп санауға болады. Заманалық 
поляк ғалымының сөзі бойынша, кез келген теорияны: «аталған дәуірдің көркемдік 
санасының жағдайы жөнінде куәлік беретін құжат деп қарастыруға тиіспіз». Осы арадан 
шығарып мынандай қатаң түйіндеу жасауға болады, барша кезеңге арналған біртұтас, 
әмбебап әдебиет теориясының болуы мүмкін емес: «бұрынғы теориядағы түйіндеулер, өте 
жаңа теориялық байыптаулардың құрамына енбейді, бұрынғы не терістеледі, не тіптен 
қаперге алынбайды. Ал одан бірдеңке алына қалса, жаңаша тұрғыдан түрлендіріліп 
ұғындырылады»[4]. Оның үстіне көптеген теориялар аймақтық көркемдік тәжірибеге 



бағдар ұстанып, белгілі бір әдеби мектептің (бағыттың) бағдарламаға негізделген 
тәжірибесін танытып, әлдебір шығармашылық жаңашылдықты қорғап, манифестентіп 
(көрініс бергізіп), өзінің алдындағы айтылғандармен дау-дамайға түсуге қашанда дайын 
тұрады. Формалдық мектеп өзінің алғашқы дамуы кезінде футуризммен, 30-50 
жылдардағы кейбір еңбектері соцреализммен, француз структуализмі (кейбірде кейіг 
структуализм*) қазір өте беделді эссеистік делінетін кейігмодернизмнің «жаңа 
романымен», 
осындай 
байланыста 
болды. 
Осы 
тақылеттес 
әдебиеттану 
тұжырымдамалары бағыттанушы сипатқа ие болып келеді. Олар әдетте, біртектес* болып 
келіп: әдеби шығармашылықтың тек әлдебір қырына ғана баса назар аударады. Бұл 
даусыз құндылыққа (белгілі бір әдеби аяны терең қарастыру, жинақтау мен 
түйіндеулердің айқындығына) себепші болады, кейбірде біржақтылықтың орын 
алушылығына: догмалық тар байыптамаға, сонымен бірге сөз өнерінің сан алуандығы мен 
«көп түстілігін» қаперге алмауға бастап алып келетін қатаң кестелеушілікке бейімділікке 
ұшырайды. Біртекті теориялар (біз жоғарыда ауызға алғандармен бірге) психоталдамалық 
әдіс* Фрейдке сүйенеді, марксистік әлеуметтану, структуализм, өнердің мәнінің 
мифтіпоэтикалық тұжырымдамасы К. Г. Юнгқа иек артады. Біз санамалаған ғылыми 
мектептердің әрқайсы өздерінің өзгелерден өзгешеленетін әдістеріне сүйеніп, оның 
жақтаушылары көбіне өздерінікін бірден бір жемісті де, дұрысты деп ойлайды.
Әдебиет теориясы, біздің көзқарасымызша, бүгінде өте өзекті болып табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет