П/п Наименование дисциплины



бет22/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
«Қамар сұлу» романы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі туынды, алғашқы қазақ романдарының бірі. Романның тақырыбы – қазақ әйелінің бас бостандығы. Романның негізгі кейіпкерлері:

Қамар – сұлу, ақылды, алды-артын ойлайтын пайымды, оқығаны бар, сөзге ұста, ақындығымен танылған , он бес жасар қыз. Романның негізгі кейіпкері.

 

Ахмет – Қамардың сүйген жігіті. Оқыған, зерек, ақылды, ел аузына ерте ілінген кедей жігіт.



Омар – Қамардың әкесі. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам.

Жәуке – Ахметтің әкесі, кедей адам.

Қасен – Қамардың ағасы. Қамардың Нұрымға ұзатылуына қарсы шыққан, қарындасына жаны ашитын, оқыған азамат.

Оспан би, Қалтан қажы, Жорға Нұрым – романдағы Қамар, Ахмет, Омар, Қасендерге қарама-қарсы бейнеде алынған жағымсыз кейіпкерлер.

Роман оқиғасы трагедиямен – бас кейіпкер Қамардың қайғылы өлімімен аяқталады. Қамар сол дәуірдегі әлеуметтік теңсіздіктің құрбаны болады.



«Қамар сұлу» – тақырыбы мен мазмұны жағынан ескі қазақ қоғамының шындығын танытқан, өз дәуірінің көкейкесті мәселесінің бірі әйелдердің бас бостандығын барынша өткір, батыл көтерген, қалыңмал алушылықтың сорақы түрін әшкерелеген танымдық мәні жоғары әлеуметтік роман. Романның негізгі идеясы әр қилы адам тағдыры, адамдардың қарым-қатынасы арқылы ашылған. Романда жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен ізгілік, қара күш пен адамгершілік тартысқа түскен.

 

С. Торайғыровтың ақындық, азаматтық тұлғасын зерттеуші-ғалым Т. Нұртазин«С. Торайғыров – қазақ тарихындағы ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткердің бірі», – деп өте жоғары бағалаған.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет