П/п Наименование дисциплины


Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



бет24/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Торгын Каировна Тлеуова
Түсінік хат

Қазақ әдебиеті пәнінен жұмыс дәптері 5-сыныпқа арналған. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар 5-сыныптың әдебиетінде өтілетін өлеңдерді талдауға ұсынылған. Өлеңдерді талдау ғалым Қуандық Пазылұлы Жүсіповтің талдау технолгиясы негізінде құрылған. Қ.П.Жүсіпов қазақ әдебиетін мектепте оқыту сапасын жетілдіру дегенде, түрлі әдіс-тәсілдерді әйтеуір көбейте берудің үнемі пайдалы бола бермейтінін ескерткен, кез келген әдіс-амал, бір қарағанда, қаншама ұғымды қолайлы болып көрінсе де, шығарма көркемдігін таныту шарттарына бағындырылмаса, нәтиже солғындауына әкелмей қоймайды деген. Ғалымның «Көркем сөздің құдіреті» атты кітабында 5-сыныпта өтілетін М.Жұмабаевтың «Сағындым» және С.Сейфуллинің «Ақсақ киік» өлеңдерінің дайын талдау үлгілері берілгендіктен, олар сол күйінде алынды.

Ғалымның талдау технологиясы бойынша өлеңді жалаң ауызша баяндап бере салмай, көркем туындының көркемдік нәрін жеткізу үшін 5-сыныпта өтілетін өзге де поэзиялық шығармаларды талдау үлгісін жасадым. Сол арқылы оқушылар әдемілікті сүюге, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру міндеттерін негізге алдым. Және талдау тапсырмаларын ұсыну арқылы әдебиет теориясынан білімдерін тереңдете отырып, өз беттерімен ізденіп, әдебиет материалынан рухани адамгершілікті сезіне біліп, сөздік қорларын молайту негізге алынды.

Жұмыс дәптерінің алғашқы бетінде талдау технологиясының үлгісі көрсетілген. Үлгі арқылы оқушыларға талдау сауалына қатысты сандарды сөзді сол санмен белгілеп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін, мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салу ескертіледі.



Әдебиет өзі қоғам өмірімен тығыз байланыста болған соң, кейбір тақырыптарға тереңірек тоқталған жөн. Оқушыларға талдау тапсырмаларын ұсынуда тақырып соңында оқушылардың алған білімдерін пысықтауда көмекші құрал болады деген ойдамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет