П/п Наименование дисциплины



бет33/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Күләш Ахметова

(1946 жылы туған)

Қазағым менің
Бір жерде тұрлау таппаған,

Қ осылмай малы қаптаған.

Бөлініп қонған қазақты

Кімдер де кімдер шаппаған?!
Бағынып бірақ қалмаған,

Тәуелсіз қайран жан далам!

Жер бар ма жалпақ төсінде

Қасірет жасы тамбаған?!


Толқимын-дағы тоқталам,

Тоқталмай кімдер өтті аман?

Ардағын қимай қазақтар

Кей жерге күмбез соқпаған?!

Құстары көлде шулаған,

Тұлпары белде тулаған.

Тулары биік желбіреп,

Қандай бір әндер тумаған?!


Жауына қатты қасарған,

Қасарған сайын жасарған.

Найзамен

Нағыз қазақтың

Намысын кімдер баса алған?!
Өтпеген қанша қамалдан,

Қамалдар шыққан тағы алдан.

Несібі жомарт қазақтың

Есігін кімдер жаба алған?!


Жатты да кейде бауыр дер,

Жақсы қыз бенен жалынды ер.

Жиын-той болса – бәрі ақын,

Жау тисеүгел – жауынгер!


Аударып жұрттың назарын,

Бардың да көрген базарын.

Жоқтың да көрген азабын,

Даладай дана қазағым.


Ойларға толып көптеген,

Өрнегін қанша төкті өлең.

Ұрпақты сақтап қалсақ деп,

Қайда да, қайда кетпеген?!


Бәрі де таныс жайт маған,

Әділет болмас айтпаған.

Ақыры алтын бесікке

Сабылып қайдан қайтпаған?!



...Сағынып қайдан қайтпаған?!

Талдау сауалдары:

  1. Еркіндік салтанаты

  2. Малдың көптігі

  3. Құстың көптігі

  4. Қазақ халқының намысқойлығы

  5. Қазақ халқының өршіл рухы

  6. Көрген қасіреті

  7. Қазақ халқының асыл қасиеттері: жомарттығы, жайсаңдығы

  8. Қазақ халқының даналығы

  9. Қазақ халқының ұрпақ болашағына алаңдауы

  10. Тіршілік салтанаты

  11. Рең әсемдігі

  12. Эпитет (көріктеуіш)

  13. Теңеу

  14. Метафора (ауыстыру)

  15. Метонимия (алмастыру)

  16. Синекдоха (меңзеу)

  17. Кейіптеу

  18. Ұлттық өрнек

  19. Дерексіз ұғымды жандандыру

  20. Дерексіз ұғымды заттандыру

  21. Нақты көрініс



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Әдебиет. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. 4-басылым, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2015ж

  2. Көркем сөздің құдіреті. Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2000ж

5

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет