Презентацияларын жасау ережелері Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін



бет4/8
Дата17.09.2022
өлшемі23,69 Kb.
#39345
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8

Ақпаратты таныстыру




Ақпаратты таныстырудың көлемі мен түрлері:

  • Ақпаартты баяндаудың қысқа түрі ұсынылады.

  • Бір слайдқа шамадан көп ақпарат салуға болмады: адам бір мезгілде үш дерек, шешім, анқытама қабылда алады.

  • Оқу презентациясының бір слайды 1,5-2 минутқа есептеледі.

  • Маңызды бөлімдер түсінікті болуы үшін әрқайсысы бөлек слайдқа жасалады.

  • Слайдта бір бірін толықтырып тұратын түрлі ақпарат болғаны жөн (мәтін, сұлба, диаграмма, кесте, суреттер).

  • Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден аударатындай болуы керек.

  • Мәтін жазған кезде қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданылғаны абзал.

  • Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.

  • Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек.

  • Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан қатесіз болуы тиіс.

  • Оқу материалын берген кезде кезеңділік сақталып, ақпарат бір слайдтың бірнеше жерінде көрініс табуы мүмкін немесе келесі сладйта жалғасы ретінде берілуі мүмкін.

  • Презентация баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.



Слайдтағы ақпараттық блоктардың орналасуы





  • Слайдтың құрылымы барлық презентацияда бірдей болуы керек.

  • Слайдтар мен презентациялардағы ақпараттың логикасы оның мазмұнына сай болуы тиіс.

  • Маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы қажет.

  • Слайдтағы ақпараттық блоктар тым көп болмауы керек (аз дегенде үш, көп дегенде бес).

  • Бір ақпараттық блоктың көлемі слайдың ½ бөлігіне тең болғаны дұрыс.

  • Ақпараттық блокты көлденең, мағыналас блоктар – солдан оңға қарай.

  • Түсірдірмелі жазу суреттің, фотоның, диаграмманың, сұлбаның соңында жазылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет