Бір слайдқа шамадан көп ақпарат салуға болмады: адам бір мезгілде үш дерек, шешім, анқытама қабылда алады.
Оқу презентациясының бір слайды 1,5-2 минутқа есептеледі.
Маңызды бөлімдер түсінікті болуы үшін әрқайсысы бөлек слайдқа жасалады.
Слайдта бір бірін толықтырып тұратын түрлі ақпарат болғаны жөн (мәтін, сұлба, диаграмма, кесте, суреттер).
Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден аударатындай болуы керек.
Мәтін жазған кезде қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданылғаны абзал.
Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.
Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек.
Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан қатесіз болуы тиіс.
Оқу материалын берген кезде кезеңділік сақталып, ақпарат бір слайдтың бірнеше жерінде көрініс табуы мүмкін немесе келесі сладйта жалғасы ретінде берілуі мүмкін.
Презентация баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.
Слайдтағы ақпараттық блоктардың орналасуы
Слайдтың құрылымы барлық презентацияда бірдей болуы керек.
Слайдтар мен презентациялардағы ақпараттың логикасы оның мазмұнына сай болуы тиіс.
Маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы қажет.
Слайдтағы ақпараттық блоктар тым көп болмауы керек (аз дегенде үш, көп дегенде бес).
Бір ақпараттық блоктың көлемі слайдың ½ бөлігіне тең болғаны дұрыс.
Ақпараттық блокты көлденең, мағыналас блоктар – солдан оңға қарай.
Түсірдірмелі жазу суреттің, фотоның, диаграмманың, сұлбаның соңында жазылуы керек.