Профессора рузуддинова


Жауаптары: 1. А 2. Д 3. В 4. А 5.Д 6. С 7. В 8. А 9. В 10. Д



бет57/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Жауаптары: 1. А 2. Д 3. В 4. А 5.Д 6. С 7. В 8. А 9. В 10. Д


5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1

Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018


5.1. Тақырып №38 Әкеге қарап ұл өсер... Үстеудің мағыналық түрлері
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеудің мағыналық түрлері?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.
1) Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үстеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын-бейне үстеулер. 5) Күшейту үстеулер. 6) Мақсат үстеулер. 7) Себеп салдар үстеулері. 8) Топтау үстеулері.
1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеулер: қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап береді.
2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай
3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мыс: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.
4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте
5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.
6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.
7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.
8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет