Профессора рузуддинова


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)



бет58/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
5.7. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1.Үстеу дегеніміз не?


2.Үстеудің мағыналық түрлері қандай?
3.Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі үстеулердің мағыналық түрлері нешеге бөлінеді?
4.Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
5.Мекен үстеуі дегеніміз не?
6.Сын-қимыл (бейне) үстеуі дегеніміз не?
7.Мөлшер үстеуі дегеніміз не?


5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1

Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018

5.1. Тақырып №39 Ел болашағы. Шылаулар және мағыналық түрлері
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Шылау дегеніміз не?
2. Шылаудың мағыналық түрлері?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы: ел үшін тертөгуүйге қарай аяңдаутуған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыржүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы: Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет