Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)



бет5/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)

  • Ескерту. ҚР ҚК 175-баптың ескертпесіне сәйкес, осы 175-бапта, сондай-ақ ҚР ҚК 176 және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi түрде және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiрудi болдырмауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығы туралы ереже бекітілген.
  • Бұл ереженің ескертулік маңызы зор, сондай-ақ шын ниетпен белсенді өкіну шеңберін кеңейтеді (ҚР ҚК 53-бабы 1-бөлігі 11-тармағы), өйткені көрсетілген жағдайлар кезінде кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін және құқық қолданушылар үшін міндетті сипаты болады. ҚР ҚК 65-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлігінің 175-, 176- және 179-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Тыңшылық (ҚР ҚК 176-бабы)

  • Тыңшылық (ҚР ҚК 176-бабы)
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объекті – Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін, егемендігін және аумағының бүтіндігін қамтамасыз ететін қатынастар. Тыңшылық қылмысы шетелдiк азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның тарапынан Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруімен байланысты қолсұғушылық. Осыған орай, «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ Заңының ерекше маңызы бар.
  • Тыңшылық іс-әрекеттері, әдетте Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жүргізетін қарсы барлау қызметімен әшкереленеді.
  • Осыған байланысты, жоғарыда келтірілген заңға сәйкес, «қарсы барлау қызметі – Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау жөніндегі қарсы барлау және ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі».

Тыңшылық (ҚР ҚК 176-бабы)

  • Тыңшылық қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы келесі іс-әрекеттерді көздейді, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет