Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы)



бет16/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы)

  • Сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы) Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объекті – Қазақстан Республикасында заңды биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қатынастар.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығына нұқсан келтіретін, оның аумағына қолсұғуды және оның белгілі-бір бөлігін бөліп алуды, сондай-ақ мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жариялы түрде шақыру, сол сияқты осы мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында сепаратистік сипаттағы материалдарды дайындау, сақтау немесе тарату іс-әрекеттерінен тұрады. Аталмыш материалдарда халықты экстремистік әрекеттер жасауға шақыру, дінге, ұлтқа, сондай-ақ өзге де топқа бөліну арқылы оның басқалардан артықшылығын насихаттау сипатындағы мәліметтер сипатталуы мүмкін.

Сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы)

  • Шақыру – бұл билікті күшпен басып алу не билікті ұстап тұру, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзу әрекеттерін жасауға көндіру мақсатында адамдардың санасы мен ерік-жігеріне белсенді түрде ықпал ету, яғни экстремистік әрекеттерге итермелеу..
  • Шақырулар әртүрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Ауызша үгіттеу, жазба түріндегі парақшалар тарату, сондай-ақ техникалық құралдар мүмкіндіктерін қолдану және т.б.
  • Шақыруларға қойылатын талап, олардың жариялы болуы. Жариялылық дегеніміз шақырулардың көпшілікке арналғанын білдіреді.

Сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы)

  • Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальды болғандықтан экстремистік әрекеттерді жасауға жариялы шақырулар орын алған кезден-ақ аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық деп саналады.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъекті – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей пиғылмен сипатталады, кінәлі сепаратистік әрекет жасап жатқанын түсінеді, оның қоғамдық қауіпті салдарларын біледі және оны жасауды қалайды.
  • ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігінде қарастырылған дәрежеуші белгісіне ҚР ҚК 180-бабы 1-бөлігінде әрекеттерді адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған әрекеттерді көздейді.
  • ҚР ҚК 180-бабының 3-бөлігі ерекше дәрежелеуші құрам ретінде арнайы мақсатын анықтауды көздейді, Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу не мемлекетті ыдырату мақсаттары болған кезде осы баптың 3-бөлігімен саралануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет