Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов



бет8/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Қарулы бүлiк (ҚР ҚК 181-бабы)

  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы – формальды, қарулы бүлікті ұйымдастырушылар үшін қарулы көтеріліс басталған кезде немесе бүлік мақсатына жету үшін кез-келген қаруды қолдану арқылы жасалған әрекеттерді жасаған кезден қылмыс аяқталған болып саналады. Бұл кезде, қолданылған қарудың түрі маңызды емес, олар атыс, суық қарулары да болуы мүмкін, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайылап бейімделген басқа да заттар мен құралдар да болуы мүмкін.

Қарулы бүлiк (ҚР ҚК 181-бабы)

  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға. Қарулы бүлік топтық, ұйымдасқан қылмыс болғандықтан қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерiне ерекше көңіл бөлу керек (ҚР ҚК 28-бабы).
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей пиғылмен сипатталады. Кінәлі қарулы бүлік ұйымдастырып жатқанын немесе оған қатысып жатқанын біледі, өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсінеді және солай жасауды қалайды.
  • Қарулы бүлік құрамының субъективтік жағы үшін арнайы мақсат міндетті болып табылады. Ол келесі мақсаттарды көздейді:
  • - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе өзгерту;
  • - Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын бұзу;
  • - Қазақстан Республикасының аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу;
  • - мемлекеттік билікті басып алу немесе ұстап тұру.

Диверсия (ҚР ҚК 184-бабы)

  • Қылмыстың тікелей объекті - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi болып табылады. Диверсия адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сондай-ақ жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату болып табылады. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне, оның ішінде экономикалық қауіпсіздігіне және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында жасалған жағдайларды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет