Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
ТРЕНИНГ 
 
Жаттығу 
Мақсаты: тренинг қатысушыларын бір-бірімен таныстырып, жаңа ортаға 
бейімделуіне көметесу. Жаттығу шеңбер бойынша өткізіледі. 
Əр қатысушы өзінің есімін атап, өзі жайлы бірнеше мəлімет береді. Ол өзінің 
ұстанымын немесе басты қасиеттерін атауына болады. Бастысы коршаған 
ортасындағы адамдар сұрак қоюы керек. Тренер оларды осыған үгіттейді. 
Мини-дəріс. Зейін 
Зейін-субъект əрекетінің қандай да бір объектіге келіп тұрақталуы (зат, оқиға, 
бейне, талқылау жəне т.б.) Көптеген адамдарда зейін көлемі 7
±
2 бірлікті 
құрайды. 
Зейінді қалыптастыратын шарттар: 
1. Физикалық жəне психологиялық жағдайдың қалыптылығы. 
2. Жұмысты толыққанды ұйымдастыру 
3. Мақсат қоюдың анықтылығы. 
4. Ақылдылық жəне физикалық əрекеттердің өзара үйлесімділігі. 
5. Əрекет түрінің тізбектілігі. 
Жаттығу 
Таныс емес картинаға 3-4 секунд көлемінде қараңыз. Есіңізе қалған заттарды 
санап шығыңыз. 
Кілт: 
5 - бөлшектен төмен - зейіннің төмен деңгейі; 
5 - тен 9 аралығында - зейіннің орташа деңгейі; 
9 - дан жоғары – зейіннің жоғары дамыған деңгейі. 


«Жұмбақ-бұлт» жаттығуы 
Суретте берілген бұлттардың неге ұксайтынын, қатысушыларға анықтау 
қажет. Олар бұлттан кандай да бір бейне көрсе, сюжеті, басты кейіпкері жəне 
бақытты соңы болатын 
қызық оқиға
ны құрастыра бастайды. 
«Ұжымдық есеп»жаттығуы 
Бұл танымал балалар ойыны тренинг қатысушылары арасында да кеңінен 
қолданылады. Оны батыл түрде əр сабақ сайын пайдалануға болады. 
Нұсқаулық
қатысушылар шеңбер бойынша, бір-біріне қарамай тұрады. Топ 
міндеті-қатар бойынша натуралды сандарды атау, қатесіз ең үлкеніне дейін 
жетуге ұмтылу. Сонымен қатар, 3 шарт орындалуы керек: 
• 
Біріншіден - есепті кімнің бастайтынын жəне келесі кімнің айтатынын 
ешкім білмейді;
• 
Екіншіден - бір қатысушыға екі санды қатарынан атауға болмайды;
• 
Үшіншіден - егер керекті сан бір немесе одан да көп қатысушы 
тарапынан дауыстап айтылса, тренер қайтадан бірден бастауды талап етеді.


Топтың ортақ мақсаты-əрекет санының кемуіне байланысты, сандарды 
көбейтуге тырысу. Жүргізуші қатысушылардың бір-бірін тыңдауын
түсінулерін бакылайды. 
Кейбір топтар тапқырлығы болатыны соншалық, бір-бірімен келіспестен
кезек 
бойынша 
натуралды 
сандарды 
атап 
шығады. 
Топтың 
ұйымдасушылығын көрген тренер топты мақтап, бұдан бас тартуларын 
сұрайды. Тəжірибие көрсеткендей ұйымдасқан топ бұл тапсырманы сəтті 
орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет