Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
 
 
 
1.3.
 
Эмоция және адамның еріктік қасиеті 
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға 
қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта 
қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоциялық интеллект анықтамасы. 
Эмоциялық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаты ретінде. 
Эмоциялық интеллект диагностикасы және дамуы. Психологиядағы ерік түсінігі. 
Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.. Ерік және тұлға. 


Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс 
түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке 
стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі. 
 
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы 
жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар 
күрделі 
мәселелер 
қатарына 
жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе 
ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдік туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл 
тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен психологиядағы бихевиоризм және 
мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек 
бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір 
жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы 
спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады.
Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің 
қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де 
кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның 
жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында 
ашу, наразылық сезімін туғызады.
Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы 
сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, 
жалығып кететіні өтірік пе? Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік 
айырмашылықтары бар. Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның 
еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта 
анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып 
сырларға толы.
Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-
тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір 
жағдай, адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. 
Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес. Егер 
біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір 
саласы ретінде жойылып бара жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда тікелей 
жүргізілген психологиялық тәжірибелер, одан кейінгі тәжірибелік зерттеулер мұндай 
ойдың құрғақ сандырақ екенін әшкерелейді.
Эмоция латын сөзі – еmоvега қозу, толқу деген мағына береді. Қуаныш сезімі. 
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (
ұнамды эмоция
) немесе 
қанағаттанбауына (
ұнамсыз эмоция
) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік 
қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция. Эмоцияның осы тұрақтылығын 
көрсететін жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға 
қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-
әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, 
үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. 
Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын 
туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам 
қуанғаннан немесе қамыққаннан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек 
сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім 
мен 
эмоцияның 
бірінші 
ерекшелігі. 
Сезімдерде 
мәнерлі 
қозғалыстар 
(мимика, пантомимика) жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам 
психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай 
келеді, Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-
ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.


«Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз 
сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркену, толқу. Эмоция – адам жан дүниесінің сыртқы 
және ішкі салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының 
көрініс беруі. Бұл адамдар мен жануарлар дүниесінде көрініс беретін кейіп.
Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын 
қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. 
Эмоция бұл 
адамның айналасындағы 
өмір 
шындығына және 
өз 
басына 
деген қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдер әсер етеді.
Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-
бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан 
ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады. 
Қазақ тіліне аударғанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет