Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
 
 
Кәсіби өзін-өзі анықтау және тұлғаның денсаулық психологиясы 
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму 
кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, 
прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы 
жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау 
және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы. 
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың пайда 
болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Психикалық 
белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор 
ретінде. Денсаулыққа көңіл бөлу тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде. 
 
Кәсіби бағдар – бұл өскелең ұрпақтың кәсіби қалыптасуы туралы түсінік. Қоғам 
жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, оның мамандықты дұрыс таңдауына 
дайындығына, кәсіби өзін-өзі анықтауына, олардың табиғи дарындылығын қолдау мен 
дамытуға, жұмыспен қамтылуына ықпал етеді. Оған қоса, осы істердің оңтайлы түрін 
таңдауға ықпал ететін арнайы шаралар кешенін жүргізуді қамтитын жалпыадамзаттық 
мәдениет компонентінің жалпылама ұғымы. 
Кәсіби бағдар еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайының құрамдас 
бөлігі. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі жоғары оқу орындары түлегінің 
әлеуметтік және кәсіптік бағдар беру мәселесіне жаңа көзқарасты алдын ала анықтайды. 
Кәсіби жолды дұрыс таңдау, жұмыспен қамту түрін таңдау мүмкіндіктерін кеңейту 
(жалдау бойынша жұмыс, өзін-өзі жұмыспен қамту, кәсіпкерлік), кәсіби өмір жолында 


жеке шешім қабылдау үшін өз жауапкершілігін арттыру сынды маманның ұстанымдары 
мен сенімінің маңыздылығын арттыру үшін объективті алғышарттар жасалады. 
Кәсіби бағдар мен кәсіби іс-әрекетке деген сенім жұмысқа алғаш кіретін адамдарға 
да, жұмыстан айырылған адамдарға да қатысты. Жұмыссыздықтың бастапқы сатыларында 
жұмыссыздарға кандидаттарды ерте анықтау, еңбек әрекетіне бейімдеу, сондай-ақ тез 
жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар адамдарға уақтылы көмек көрсету де кәсіби 
маманның сенімі мен бағдарына едәуір әсер етеді.
Кәсіби бағдар мамандық таңдауға ықпал ететін жеке қабілеттері мен бейімділігін, 
өзіндік мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін іс-шаралармен айқындалады. Кәсіптік бағдар 
төрт кезеңді қамтиды:
1) кәсіптік білім беру;
2) кәсіптік тәрбие; 
3) кәсіби кеңес беру;
4) жеке тұлғаның кәсіби дамуы және кәсіби мансапты қолдау. 
Кәсіптік білім беру – бұл оқу орындарының оқушылары мен түлектерін қазіргі 
заманғы еңбек қызметінің түрлерімен, әртүрлі кәсіби мамандардың әлеуметтік-
экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен, кәсіби-біліктіліктің өсуі мен 
кәсіби өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерімен таныстыру. Кәсіптік білім беру жағдайында 
жастардың бойында олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері мен өздерінің 
психофизиологиялық мүмкіндіктерін ұғынуына негіз болып табылатын мотивациялық 
кәсіби ниеттері қалыптасады. 
Кәсіби іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз ету обьективтік пәндік аймақ 
жүйесін көрсетеді. Қазіргі таңда бұл аймаққа әлсіз және бір-бірімен нашар байланысатын 
категориялар жатқызылады. Соның ішінде ”психологиялық қасиет”, “психологиялық 
дайындық”, “психологиялық тұрақтылық”, “ психологиялық күй”, “психологиялық 
мүмкіндік” және т.б. 
Кәсіби іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз ету қызметкерлердің психологиялық 
мүмкіндігі немесе шындыққа жақын психологиялық ресурсы ретінде жүзеге асады.Жеке 
тұлғаның кәсіби дамуы және кәсіби мансабының өсуі барысында мамандықты ауыстыру 
немесе кәсіби қайта даярлау әрекеттері де жүзеге асады.
Кәсіби маманның сенімі мен бағдарының психологиялық аспектісі ретінде бірнеше 
фактілерді қарастыруға болады.

кәсіби іріктеу – психологиялық, психофизиологиялық және медициналық 
диагностика нәтижелері негізінде, олардың психофизиологиялық, физиологиялық 
ерекшеліктеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметінің ықтимал бағыттарын ескере отырып, 
оқу орындарының оқушылары мен түлектеріне ұсыныстар; 

кәсіби іріктеу – адамның нормативтік талаптарға сәйкес нақты кәсіпке 
(лауазымға, жұмыс орнына) кәсіби жарамдылығын анықтау; 

кәсіптік, өндірістік және әлеуметтік бейімдеу – қызметкердің кәсіби 
қалыптасуына, оның тиісті әлеуметтік және кәсіптік қасиеттерін, белсенді 
шығармашылық еңбекке деген ұстанымдары мен қажеттіліктерін қалыптастыруға, 
кәсібиліктің жоғары деңгейіне жетуге ықпал ететін шаралар жүйесі.
Кәсіби 
бағдарлауды 
жүргізу 
үшін 
кәсіптің 
әлеуметтік-экономикалық 
сипаттамаларына ие болу керек, кәсіптің даму перспективасын, кәсіптің таралу ауданын, 
кәсіп бойынша табыс деңгейін, біліктілікті алу жолдарын және кәсіби мансабының 
перспективаларын, сондай-ақ еңбек нарығының ерекшеліктерін білу қажет.
Л.М. Митина кәсіби іс-әрекеттің калыптасуының екі моделін бөліп көрсетті. 
1. Бейімділік (адаптивті) моделі - адам сана-сезімінде кәсіби еңбектің сыртқы 
жағдайларға 
тәуелді 
болу 
тенденциясы 
кәсіби 
міндеттер, 
ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым 
болады. 


2. Кәсіби даму – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінің шығуы, өз іс-әрекетін 
практикалық қалыптасу затына айналдыру және сол аркылы өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің 
шектерін жеңе алу қабілеттіліктермен сипатталады. 
Мамандардың кәсіби қалыптасуы көбінесе, сыртқы әсерлерге байланысты. 
Бірақ оны сыртқы жағдайлар мен шарттардан шығаруға болмайды. Себебі, олар 
адамның өмірлік тәжірбиесі, индивидуалды психикалык ерекшеліктері мен психикалық 
қорына да сүйенеді. Бұл мағынада сыртқы әсерлер тұлғаның психикалык ерекшелігі, 
оның әлеуметтік және кәсіби тәжірибесі жататын ішкі шарттарға байланатын болып 
келеді.
Кәсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт 
аралығында өмірлік және кәсіби жоспарлар өзгереді, әлеуметтік жағдайлар мен 
жетекші іс-әрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған 
байланысты кәсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері 
туралы сұрак пайда болады. 
Тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселесін терең зерттеген Кеңестік психологтардің 
бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс-әрекеттің орындалу деңгейін 
кезеңдерге бөліп қарастырады. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті: 
1.
Кәсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы; 
2.
Кәсіби білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындық; 
3.
Мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру және өндіріс 
ұжымнан өз орнын табу; 
4.
Кәсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы. 
Е.А. Климов кәсіби бағдарланудың төмендегідей кезеңдерін қарастырады:

Оптация кезеңі (12-17 жас) - кәсіби жолын саналы түрде таңдауға дайындық; 

Кәсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) - болашақ кәсіби іс-әрекет 
икемділігіне үйрену, кажетті кәсіби білім
 
алу; 

Кәсіпқойдың даму кезеңі (23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) 

кәсіби 
қауымдастықтардағы 
тұлға-аралық 
қарым-қатынас 
жүйесіне 
кіру 
және іс-әрекет субьектісінің әрі карай дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет