Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет46/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ҮШІН
ПАЙДАЛЫ МАТЕРИАЛДАР

5.1. СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ,
НЕМЕСЕ ПСИХОГИМНАСТИКАЛАР
ТРЕНИНГТЕ СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Сергіту жаттығулары бірнеше функция атқарады. Ең басты функциясы – олардың топтық динамикаға, топ ұйымшылдығына ықпал ететіндіктері, ширығуды алып тастайтындығы, қатысушылардың өздерін еркін сезінулеріне мүмкіндік беретіндігі, бір тақырыптан екіншісіне ауысуға, шаршамауға және күні бойы жақсы жұмыс күйін сақтауға, сондай-ақ тренингті зеріктіретін шаруа емес, көңілді іс етуге мүмкіндік беретіндігі.


Тренингтегі сергіту жаттығулары әдетте әрбір бір-бір жарым сағат сайын өткізіледі. Сергіту жаттығуы ойындардың арасында өткізілуі тиіс. Рөлдік ойынның ішінде сергіту жаттығуын өткізбейді. Яғни, сергіту жаттығуын рөлдік ойын басталғанға дейін жасауға, содан соң ойынның өзін ойнауға, одан кейін қайтадан сергіту жаттығуын жасап, сергіту жаттығуынан кейін үзіліс жасауға болады. Үзілістен кейін – қайтадан сергіту жаттығуы, ойын және тағы да сергіту жаттығуы. Егер уақыт жетпейтін болса, үзілістің алдында сергіту жаттығуын өткізбеуге болады, бірақ одан кейін сергіту жаттығуын жасау қажет.


ҚОРҚЫНЫШТАР

Жаңадан бастаған жаттықтырушылар көбінесе топтағы біреудің ойнаудан бас тартатындығынан қорқады. Мен адамдарды қандай да бір ойынға қатысуға қалай ынталандыруға болатындығын айтқан болатынмын. Ал сергіту жаттығуларымен одан да оңайырақ. Мысалы, егер сіздер түрегеп тұрып жасау қажет болатын сергіту жаттығуын жасасаңыздар, сіз алдымен: «Ал қазір біз тұрамыз», - дейсіз. Содан соң тұрасыз да, барлығы сіздің соңыңыздан тұрады, және тұрып қойғаннан кейін, біреудің ойыннан бас тартуы екіталай. Ал егер адамдар отырып, ал сіз оларға алдымен біз мынадай ойынды осылай және осылай ойнаймыз деп әңгімелеп берсеңіз, содан соң: «Жүріңіздер, ойнайық», - десеңіз, біреуінің бас тартуы да мүмкін. «Ой, біздің ойнағымыз келмейді! Ой, не үшін?» - деп айтулары мүмкін. Яғни, адамдарға бас тартуға мүмкіндік бермеу қажет. Мұндай нәрселер өте оңай шешіледі.


Сергіту жаттығуларының әр түрлі нұсқалары бар, бірақ, негізінен алғанда, жаттықтырушы үшін осы сергіту жаттығуларының топтық үдерістерді жылдамдатқаны маңызды. Сондықтан сергіту жаттығуының еліктіретін, қозғалыстық болғаны жақсы, себебі, адамдардың қарқынды түрде жақындасқаны керек. Барлығының сөзбе-сөз мағынасында жақындасуға тура келетін қандай да бір тапсырманы орындағаны жақсы. Мұндай сергіту жаттығуларына жұмылған көздермен жүргізілетін сергіту жаттығулары жатады, мысалы, көзіңді ашпастан және бірде-бір сөз айтпастан өз жұбыңды табу керек болатын жаттығу. Сергіту жаттығулары туралы қазіргі уақытта әдебиет көп. Мен бұл жерде тек өзіме барлығынан да көбірек ұнайтындарын ғана көрсеткім келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет