Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет72/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
7-қосымша.
БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ

1. Вербализация, А сатысы: әріптестің айтқаны өз сөздерімен жеткізіледі.


а) Әріптестің ойды нақтылауға, оның идеясын айқындауға септігін тигізетін кейбір сөздерін қайталау.
б) Әріптестің сөзі оған сіздің сөздеріңізбен қайтып оралады; қайтару түрі:

  • «Сіз ... дейсіз ғой»;

  • «Сіздің айтуыңызша, ... болып шығады ғой»;

  • «Егер мен сізді дұрыс түсінген болсам...»;

  • «Басқаша айтқанда...».

в) Әріптестің сөзі, егер ол ұзақ немесе анық емес болса, жинақталып қорытылады; қарату түрі:

      • «Осылайша...»;

      • «Қысқаша айтқанда...»;

      • «Айтылғанды қорытатын болсақ...»;

      • «Сонымен...» және т.б.

г) Әріптестің басты қарама-қайшылық тұжырымдалған сөздерін жинақтап қорыту.

2. Вербализация, Б сатысы: әріптестің айтқаны өз сөздерімен жеткізіледі және сіздің байқауыңыз мүмкін болған нәрсе: әріптестің өз айтқандарын қалай сезінетіні, берілген мезетте қандай сезімдерді бастан кешіретіні қосылады.


3. Вербализация, В сатысы: әріптестің айтқаны өз сөздерімен жеткізіледі және әріптестің нені айтқысы келгені, айтуға дайын болғаны, бірақ айтпағаны қосылады.


Вербализация функциялары

1. Ақпарат жинауға мүмкіндік береді.


2. Ең маңызды ақпаратты көрсетуге көмектеседі.
3. Әріптестің сөздері дұрыс түсінілгендігін нақтылауға көмектеседі.
4. Ақпаратты жақсырақ есте сақтауға көмектеседі.
5. Ақпаратты ұғынуға көмектеседі.
6. Қорытынды шығаруға көмектеседі.
7. Проблеманың арнасында ұсталып тұруға көмектеседі.
8. Әріптеске бағдарлану құралы болып табылады.
9. Әріптеске өз проблемасын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
10. Әріптестің көзқарасын бекітуге көмектеседі.
11. Ойланып алуға уақыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет