Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


-қосымша Ақпаратты алатын тыңдаушы



бет70/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
5-қосымша


Ақпаратты алатын тыңдаушы:

  • ақпаратты жеке басының сүзгісінен өткізеді;

  • алушының көзқарасы бойынша, маңызды емес мезеттерін түсіріп тастайды;

  • үйреншікті емес сөздерді үйреншікті сөздерге алмастырады;

  • ақпаратты өз ойлау қисынына қарай орайластырып өңдейді;

  • ерекше, «қуырылған» фактілерді есте сақтайды, бірақ «ауру» сөз аяғына дейін сүйретіліп жетуі мүмкін, сондай-ақ азырақ дәрежеде қауіпті және эмоционалдық тұрғыдан ұстамдырақ сөздерге алмастырылуы да мүмкін;

  • түсіндіруге болатын нәрсені түсіндіреді.



Ақпаратты жеткізуші қадағалап отыруы тиіс:



  • түсінікті етіп сөйлеу;

  • қарапайым сөздерді пайдалану;

  • маңызды нәрсені бірнеше рет айту;

  • хабарламаны құрылымдау, оны тармақтарға бөлу;

  • тыңдаушының жай-күйін бақылау және оның қай уақытта ақпаратты түсінбегендігін қадағалау;

  • «Сізге бәрі түсінікті ме?» деп сұрамау, әдетте бәрі: «Иә», - деп жауап береді; нақтылауға арналған сұрақ қою қажет, мысалы: «Біздің әңгімемізден кейін сіз ары қарай не істейсіз?», «Ең алдымен не істейсіз?», - мүмкін, маңызды мезеттерді тағы да айту;

  • егер кедергі болса (сіздің сөзіңізді бөлсе), тоқтап, кейін оралып, алдыңғы сөйлемді тағы бір рет айтып шығу қажет;

  • тыңдаушының қарқындық сипаттамаларын ескеру;

  • оң немесе теріс уәждемені жасау: «Егер барлығын нұсқаулық бойынша жасайтын болсаңыз, онда...», «Егер жасамасаңыз, онда...»;

  • «дуал» тәрізді техникаларды – арнайы сөз орамдарын қолдану («Мен әдейі сіздердің назарларыңызды аударамын...», «Мен сіздердің бұны есте сақтағандықтарыңызды қалаймын...»).



6-қосымша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет