Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Шет тілден енген сөздерден жасалған аттар



бет31/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111
1.4.3 Шет тілден енген сөздерден жасалған аттар
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында бірнеше халықпен бас қосып, өзінде жоғын солардан алғандай, ауыс-түйіс жасамаған елі де кемде-кем тәрізді. Бірі – классикалық, шығыс, ескі грек рим халқынан біраз нәрсені алып пайдаланса керек; екіншісі – бұдан талай ғасыр бұрын соғдыдияндар арқылы келген Иран елі; үшіншісі – моңғол-түркі елдерінің қарым-қатынас туыстығы, ежелгі алтай ата тілінің болуы; төртіншісі – араб халқымен байланысы; бесіншісі – орыс халқы.
Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан алғанда, қазақтың төл сөзі, көне сөздер, шығыс тілі (араб, парсы, иран, қытай, моңғол) және орыс тілі арқылы енген (грек, латын, ағылшын, француз, неміс, поляк т.б) сөздерден жасалғандығы анықталды. Әрбір әсер, ықпал, әртүрлі бағытта жүретіні ақиқат, тарихи қарым-қатынас, әсіресе діннің әсері тілдің лексикалық құрамынан анық көрінеді. Ислам діні, қасиетті Құранның қазақ даласына келуі оның бүкіл тұрмыс-тіршілігіне жаңа леп, жаңалық, оң өзгерістер әкелді десек, артық айтқандық емес. Құлаққа үні де, сөзі де таныс ұғымдарды балаға азан шақырып, ат қою арқылы санасына сіңірді. Өмірде жиі кездесетін Әли, Ғабиден, Мұқанбет, Оспан, Қайдар, Іслам, Айша, Бәтима, Қадиша, Фарида аттары о баста «Құраннан» енгенімен, уақыт өте келе, антропоним ретінде рухани-мәдени өмірге сіңіп кетті.
1. Араб тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер:
Азанғайша, Алдияр, Арамқара, Арамза, Арақ, Ауқатжан, Апырай, Асарбек, Әзәзіл, Әбілет, Әтірбике, Әтіршай, Әулиебайұлы, Әсіп, Әліпби, Әлқисса, Әріпбек, Бәрекелде, Бейберекет, Дәрігүл, Дүлей, Дұғай, Дуа, Дұғакүл, Дүкенбай, Жалақор, Жаппаркүл, Жамағайын, Зәрубике, Зәреқұт, Зікір, Запыран, Зұлпықар, Ләм, Мим, Молдабай, Мұсылманұлы, Қыдыр, Нашабек, Надан, Натрибек, Нәпсіқұмар, Қамыр, Пайдабек, Пәтуасыз, Пәлеқор, Пырак, Пірімқұл, Сайтан, Сауық, Сүндет, Сұрқия, Талақ, Тәспиық, Таһуа, Тұмар, Ықтимал, Тұмарбек, Хақымбар, Шапи, Шарап, Шарапбике, Шәрбат, Шүкір, Ібіліс, Опагүл, Опағали, Сұрапыл. Бұл аттардың жоғарыда айтылып өткендей, мағынасы түсінікті болғандықтан бәріне тоқталмадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет