Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет45/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111
1. CVC 4.CVLCVL
қат → Қат+ырлаққұлы даңғыр → Даң+ғыр+бай
шыт → Шыт+ырлақ сылдыр → Сыл+дыр+гүл
қыт → Қыт+қыт+бек селдір → Сел+дір+гүл
қож → Қож+бан шүлдір → Шүл+дір+гүл
бож → Бож+бан күлдір → Күл+дір+гүл
пыш → Пыш+пан
піш → Піш+пан 5.CVCCVL
күп → Күп+ілдек бұлтаң → Бұл+таң+бек
зып → Зып+берген шолтаң → Шол+таң+бай
сақ → Сақ+берген жыртың → Жыр+тың+гүл
2.CVLC 6.CVCVL
тырқ → Тырқ+ай дедек → Дедек+бай
шіңк → Шіңк+ей шошаң → Шошаң+гүл
қоңқ → Қоңқ+ай сусыл → Сусыл+дақ
таңқ → Таңқ+ыбай
томп → Томп+ыш
дыңқ → Дың+қыш 7.CVL
дік → Дік+дік
3. СVСVL даң → Даң+ғой
бұлаң → Бұлаң+бай дар → Дар+дана
жымың → Жымың+ғайша қық → Қық
жалаң → Жалаң+гүл дал → Дал+бай

Еліктеуден туындаған аттар семантикалық, фонетика-морфологиялық құрылымы да, эмоциялық жағынан ерекшеленіп тұрады. Еліктеу сөздер – «көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл жеткізу жағынан ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат беріп тұратын, шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер» [Сарыбаев Ш.Ш., 2000, 335].
Кейіпкерді жан-жақты суреттеу үшін, оның әсіресе жүріс-тұрысын, әртүрлі көзге ерсі қимылдарын, сөйлеген сөзін беруде ерекше дыбысталатын, экспрессиялық мәні күшті аттар әдейі таңдалған деуге болады.
Зузулә > зу+зу+ла. Анау отырған, алтын сырғасы ай жүзіне жарасқан Зузулә жеңгейге бірінші сөз беріледі. Қол соғып қойыңыздар! Бәрекелді! Зузулә жеңгей сырғасын жұртқа анық көрсету үшін басын олай бір, бұлай бір сөйледі. «Сенде бар алтын сырға бізде жоқ па» дегендей, қонақ әйелдер де бастарын изеген болып, алтын алқа, сырғаларын жалт-жұлт еткізді ().
Түрколог Н.К.Дмитриев «Түрік тіліндегі еліктеуіш сөздерді аударуға болмайды, тек сипаттап беруге ғана болады» [Дмитриев Н.К., 1962, 85] деген ойды дәлелдеу үшін осындай СЮП-терді лексика-семантикалық жағынан топтастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет