Еліктеуден туындаған аттар семантикалық, фонетика-морфологиялық құрылымы да, эмоциялық жағынан ерекшеленіп тұрады.Еліктеу сөздер – «көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл жеткізу жағынан ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат беріп тұратын, шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер» [Сарыбаев Ш.Ш., 2000, 335].
Кейіпкерді жан-жақты суреттеу үшін, оның әсіресе жүріс-тұрысын, әртүрлі көзге ерсі қимылдарын, сөйлеген сөзін беруде ерекше дыбысталатын, экспрессиялық мәні күшті аттар әдейі таңдалған деуге болады. Зузулә > зу+зу+ла. Анау отырған, алтын сырғасы ай жүзіне жарасқан Зузулә жеңгейге бірінші сөз беріледі. Қол соғып қойыңыздар! Бәрекелді! Зузулә жеңгей сырғасын жұртқа анық көрсету үшін басын олай бір, бұлай бір сөйледі. «Сенде бар алтын сырға бізде жоқ па» дегендей, қонақ әйелдер де бастарын изеген болып, алтын алқа, сырғаларын жалт-жұлт еткізді ().
Түрколог Н.К.Дмитриев «Түрік тіліндегі еліктеуіш сөздерді аударуға болмайды, тек сипаттап беруге ғана болады» [Дмитриев Н.К., 1962, 85] деген ойды дәлелдеу үшін осындай СЮП-терді лексика-семантикалық жағынан топтастырдық.