Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Шығарманың әсер еткен тұсы



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Шығарманың әсер еткен тұсы
Өз пікірім
1. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі жазушының айтар ойы, 
шешімнің қалай жасалғанын еске түсіріңдер. Ал «Абай жолының» 
бірінші кітабындағы Абай бейнесін қалай сомдалған? Екі туынды бо-
йынша салыстыру жасап, жазушы ұстанатын ортақ сипатты анық-
таңдар. 
2. Роман-эпопеядағы тартыс қалай суреттелген? Бала Абай (10-12 жас) 
және әке саналатын Абай (24 жас) деңгейіндегі кейіпкердің өсу жо-
лына, азаматтық қалыптасу, кейіпкер ретіндегі тұлғалануына назар 


178
аударыңдар. Роман сюжетіндегі оқиғаның шиеленісуі, шешімін та-
буы қалай жасалғанына мән беріңдер. 
3. Шығарманың әр тарауы бойынша оқиға желісіне негізделген компо-
зициялық құрылымын сызба арқылы түсіндіріңдер.
Реті
Шығарманың композициялық 
құрылымы
Үзінді бойынша 
дәлелдеңдер
1
Оқиғаның басталуы (Экспозиция)
2
Оқиғаның байланысы
3
Оқиғаның дамуы
4
Оқиғаның шиеленісуі
5
Оқиғаның шарықтау шегі
6
Оқиғаның шешімі 
4. Шығармада қандай өмір шындығы суреттелген? Кейіпкерлердің жү-
йесін жинақтап, даралау арқылы өмір шындығын талдаңдар.
5. Роман-эпопеядағы ұлттық құндылықты бүгінгі заманмен салысты-
рыңдар.
6. Абайдың достары – қандай адамдар? Бұл сұраққа романнан тура 
жауап алуға бола ма? 
7. «Типтік жиынтық бейнелер» деп қай кейіпкерлерді айтуға болады? 
8. Шығармадағы бас кейіпкердің әкесі – Құнанбаймен, бауырлары 
Тәкежан мен Оспанның арасындағы диалогтерге мән беріңдер. Абай 
тарапынан айтылатын сөздердің көркемдік ерекшелігін талдаңдар. 
9. «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелетін мекендердің атаула-
рын жазып жүріңдер. Ол жерлерге қатысты оқиғаларға талдау жа-
саңдар. 
10. М.Лермонтовтың «Не верь себе» өлеңі мен А.Құнанбайұлының
«Адам ның кейбір кездері» атты шығармасын тарихи және көркемдік 
құн ды лық тұрғысынан талдаңдар.
1. Шығарманың тақырыбы, идеялық мазмұны нені көрсетеді?
2. Роман бойынша автор идеясын дәйектейтін үш дәйексөз табыңдар.
3. Жазушының фразеологизмдерді, диалог пен монологті қолдануында-
ғы ерекшелікті анықтаңдар. 


179
4. Оқулықтың 173–174-беттеріндегі адам аттары туралы анықтаманы 
пайдалана отырып, жазушының образдарды сомдау мақсатында қол-
данған тәсілдерін, көркемдік құралдарын анықтап жазыңдар. Өз за-
манының қаһармандары деп кімдерді атауға болады? 
5. Образ сомдаудағы жазушы шеберлігін мысалдар арқылы көрсетіңдер. 
1. Абайдың азамат ретінде қалыптасуын романнан мысалдар келтіре 
отырып зерделеңдер. 
2. Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмін көріп, роман-эпо-
пеядағы Құнанбай бейнесімен ұқсастық, айырмашылықтары туралы 
пікірлесіңдер. 
Оқу сауаттылығы
1. Ғабитхан мынау көрген күйіне шыдай алмай:
– Ей, мазлұма! Нилер ғазап көргенсің сен бейгүнаһ мазлұма! – деп, 
жылап жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет